Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4575 0 пікір 27 Сәуір, 2011 сағат 10:57

Кеңес Нұрланов: «Кеуде керуге кереметпіз...»

Бүгінде 1200 орындық опера театры салынып жатқан Астанада Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театры сахнасы төрт метрлік ғимаратты мекен етіп отыр. «Сәрсенбідегі сұхбаттың» қонағы, театр және кино актері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Кеңес Нұрланов осыған күйінеді.

- Кеңес мырза, биыл қазақ-қалмақ соғысының аяқталғанына 220 жыл толды. Ал «Батыр Баян» фильмі экранға шығып, Сіз Ноян батыр рөліне түскенде жасыңыз 29-дағы жігіт едіңіз. Ал Баян батырдың рөлінде ойнаған Жұмахан Әбдіқадыровтың қазіргі жағдайынан хабарыңыз бар ма?

- Бұл тақырыпты жақсы қозғап отырсыз... Ағаның басына түскен жағдайынан хабардар болғаныммен, алдына бармағаныма көңілім алаңдап, іштей толқыныста жүрген жайым бар... Қазақ өнеріне сіңірген еңбегі мол осындай атпал азаматтың жағдайына Жамбылды басқарып отырған немесе сол өңірдегі қалталы азаматтар неге қамкөңіл болмайтынына налимын.

- Осы күні кино мен театр саласында халыққа арналған туындыдан гөрі, фестивальға арналған қойылымдар көп сияқты. Кейбір туындылардың атын естіп, затын көре алмаймыз.Осының жөнін біле алдыңыз ба?

- Қазір «Қазақфильм» киностудиясы қайнап жатқан жұмыстың қазаны сияқты болып көрінді. Білуімше, жылына 20-30 фильм түсіріледі екен.

Бүгінде 1200 орындық опера театры салынып жатқан Астанада Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театры сахнасы төрт метрлік ғимаратты мекен етіп отыр. «Сәрсенбідегі сұхбаттың» қонағы, театр және кино актері, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Кеңес Нұрланов осыған күйінеді.

- Кеңес мырза, биыл қазақ-қалмақ соғысының аяқталғанына 220 жыл толды. Ал «Батыр Баян» фильмі экранға шығып, Сіз Ноян батыр рөліне түскенде жасыңыз 29-дағы жігіт едіңіз. Ал Баян батырдың рөлінде ойнаған Жұмахан Әбдіқадыровтың қазіргі жағдайынан хабарыңыз бар ма?

- Бұл тақырыпты жақсы қозғап отырсыз... Ағаның басына түскен жағдайынан хабардар болғаныммен, алдына бармағаныма көңілім алаңдап, іштей толқыныста жүрген жайым бар... Қазақ өнеріне сіңірген еңбегі мол осындай атпал азаматтың жағдайына Жамбылды басқарып отырған немесе сол өңірдегі қалталы азаматтар неге қамкөңіл болмайтынына налимын.

- Осы күні кино мен театр саласында халыққа арналған туындыдан гөрі, фестивальға арналған қойылымдар көп сияқты. Кейбір туындылардың атын естіп, затын көре алмаймыз.Осының жөнін біле алдыңыз ба?

- Қазір «Қазақфильм» киностудиясы қайнап жатқан жұмыстың қазаны сияқты болып көрінді. Білуімше, жылына 20-30 фильм түсіріледі екен.

Бірақ оның саны мен сапасы қалай? Кино халықтың бет-бейнесін көрсететін дүние болса, түсіріліп жатқан фильмдер халықтық па? Әрине, қазақ елі болған соң, түсірген киномыздың өзі ұлттық дүние болып, мазмұнды, салт-дәстүрді насихаттайтын дүние болуға тиіс. Бір айта кетерлігі - біздің киномызды да «еліктеушілік» қасиет дендеп бара жатқандай.

Бәлкім, шетелдегідей, «боевиктер» қазіргі заман үшін керек шығар, бірақ онымызбен ұрпақты тәрбиелеуден ұтыламыз. Тіпті боевик жасап, шетелден асып кетеміз деп айта алмаймын. Ұлттық үрдістегі фильм түсіруге бізде жақсы шығармалар жоқ емес, бар. Қазір «Мың бала» деген тарихи кино түсіріліп жатыр екен (қоюшы-режиссер - Ақан Сатаев. - Ред.). Қандай жүйеде түсірілгенін, амандық болса, көре жатармыз...

Сонымен қатар басты рөлдерге шетел актерлері шақырылып, өзге ұлттың өкілдері киномызға көп араласуда. Ал тарихи киноларымызға қарасақ, намысың келеді, өйткені біздің ұлы тұлғаларды - Бауыржан Момышұлын да, Әлия Молдағұлованы да қырғыз әртістері сомдады. Осы жағынан бізде намыс жоқ па, білмеймін.

- Ал қазақ киноларының орысша түсірілуі ұлттық мүддеге менсінбеушілік пе, жоқ әлде касса жинаудың амалы ма?

- Әрине, біздегі режиссерлердің көбі орыс мінезді болғандықтан, өздеріне қалай ыңғайлы, солай жұмыс істейді. Олар үшін орысша ойлап, орысша сөйлеп, орысша түсірген әлдеқайда жеңіл. Қазақ фильмдерінде орыстың иісі аңқып тұратыны сондықтан. Қазақ елі, қазақ тарихы болған соң, қазақ тілі бірінші орында тұруға тиіс. Телесериалдарымыздың да тілдері ала-құла...

- Кино демекші, кейінгі жарық көрген көп фильмдерге актерлерді көшеден таңдау әдетке айналған сияқты...

- Әрине, «қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» демей ме. Осы себептен біздің көптеген кәсіби актерлеріміз киноның маңынан алыстап, шет қалып жатыр. Ал режиссерлер үшін көшеден әкелген белгісіз адамды робот сияқты пайдаланып, өз дегеніне бағындырып алу оңай. Әрине, олар рөлін жақсы алып шығуы мүмкін, бірақ бұл - уақытша дүние. Кейде осындай бір ойларыңды айтсаң, киностудиядағы кейбір режиссерлер ренжиді. Кезінде Шәкен Айманов, Абдулла Қарсақбаев, Сұлтан Қожықов ағаларымыз театрдағы кәсіби актерлермен жұмыс істеді. Оны классикалық киноларды қарасаңыз, бірден байқайсыз. Яғни үлкен өнердің кірпішін солар қалап кетті. Қазір екінің бірі киноға түсуге әуес. Дегенмен киноға түсуге әуесқойлық танытатындарды тарихи киноларға әкелу дұрыс емес. Тарихи тұлғаларды сомдау - кәсіби актерлердің қолынан ғана келетін дүние!

- Ендеше, осы әуесқой режиссерлер мен кәсіби режиссерлердің де бір-бірінің туындыларын сынап-мінеп жататындары бар. Соның ішінде көп сынға ұшыраған, әуесқой режиссер Еркін Рақышевтің «Жетімдер» фильміне түстіңіз...

- Иә, Еркін Рақышевтің фильмдері жарыққа шыққанда, оны жерден алып, жерге салғандар көп болды. Әрине «Жетімдер» фильмі философиялық тұрғыда құрылмаған, кәсібилігі жетіспейтін шикі тұстары жетерлік.

Бірақ мемлекеттің қаржысына түсіріліп, ел көрмеген кинолардың қасында, өз қалтасынан ақша шығарған Рақышевтің кинолары көрермен сұранысына ие болды. Кезінде Шәкен Айманов та театр актері, театр режиссері болып, киноға тәжірибе арқылы келді ғой. Ал кино өнеріндегі бағындырған шыңы қандай болды? Бәлкім, күндердің күнінде Еркін Рақышевтің де сондай жетістікке парапар еңбек жасамасына кім кепіл? Қазақтар бір-бірімізді жүндеп тастауға пейілдіміз ғой...

- Енді театрға ойыссақ... Астанаға Алматыдан арнайы шақыртумен келгеніңізге бес жылдың жүзі болыпты. Дегенмен қазір өзіңіз қызмет жасайтын Қалибек Қуанышбаев атындағы театр ғимаратының ескілігіне қарап бас шайқайтындар көп...

- Дұрыс айтасыз! Аты аңызға айналған Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрдың «атына заты сай емес» екеніне жүрегіміз ауырады. Еліміздің бас қаласы Астанада рухани орталық боп саналатын үлкен театрдың салынбауы - ұят нәрсе. Бұл менің үкіметке қарсы айтып жатқан шағымым емес, дегенмен жоғарыдан қолдау күткен тілек екені рас. Кезінде Иманғали Тасмағамбетов театр салуға уәде етіп, орнының сол жақ жағалауда белгіленгенін айтып еді. Одан кейін дағдарыс басталып, аяқсыз қалды, енді үмітпен ғана күтудеміз.

Жасыратыны жоқ, бұрынғы бір ескі орталықты ілдебайлап ұстап отырмыз. Сахнамыздың кеңдігі - төрт метрдей ғана. Ал үлкен қойылымдар қоюға театрдың тарлығы былай тұрсын, техникалық жағдайы өте нашар. Қазіргідей техникалық мүмкіндіктер бар заманда жұмыстың бәрі қолмен атқарылады. Шетелдіктер елдігіңді, мәдениетіңді танығысы келсе, театрыңа келіп, мұражайыңа бас сұғатыны - ақиқат. Ал елдігімізді танытуға, ел өнерін әсірешарықтатып, өзгеге кеуде керуге кереметпіз.

- Ал астаналықтардың театрға деген әуестігі қалай? Көрерменге зәру емессіздер ме?

- Жалпы, астаналық жұртшылық театрға көп келеді деп айта алмаймын. Театр бар-жоғы екі жүз ғана орындық болғандықтан, Аллаға шүкір, ылғи да аншлаг. Ал егер Алматыдағы театрлардай 600-700 орындық болса, жағдайымыздың қандай болатынын кім біледі? Театрымыздағы көрерменнің дені - жастар, студенттер, оқушылар, сондай-ақ астанаға қыдырып келген ауыл адамдары ғана. Ал Астанаға келгелі театрдың есігін аттаған зиялы қауым өкілдерін де, шенеуніктерді де көре қойған жоқпын. Кейде шақыртып та келтіре алмайсың. Олардың бәрі жылы кабинеттерінен шыққысы келмей ме, әлде жұмыстары соншалықты ауыр ма? Бәлкім, театрымыздың ескілігі олардың деңгейіне сай болмай жатқан болар. Бірақ шенді-шекпенділердің театрға аттап баспауы театрды алаңдатпауға тиіс. Олар келмеді деп, өкпемізді қара қазандай етіп, өнерді тұралатуға қақымыз жоқ! Әйтеуір «Болашақ» жастарынан құралған көрермендердің барына тәуба!

- Сонда Астананың театрына зиялы мен мемлекет адамдары келмесе, бұл орда мәдениет мекені бола ала ма?

- Астана өнер ортасы ретінде әлі де ақсап тұр. Әрине, бұл жер Кеңес Одағы кезінде орыстардың мекен еткен жері еді ғой. Ал ол кезде қазақ театры мүлдем болған жоқ. Жергілікті қазақтар орыстанып кеткен. Әлі күнге дейін қазақтарымыз орысша сөйлескенін мақтан көреді. Осыдан бес жыл бұрын Астанаға қоныс аударғанымда, Қуанышбаев театры орналасқан мекенжайды сұрасам, астаналықтар оның қай жерде орналасқанын білмек түгілі, осындай театр бар екенінен де бейхабар болып шықты.

- Ал айлықтарыңыз шайлықтарыңызға жете ме?

- «Жыламаған балаға емшек жоқ» демекші, алатын айлығымыздың мардымсыз екенін біз айтуға тиіспіз. Бізде ең алды 50 мыңның көлемінде айлық алады. Ал, өз басым, 28 жылдық еңбек стажыммен 45-50 мың айлықты бірде олай, бірде бұлай аламын. Ал бізден үлкен өнерге еңбегі сіңген аға-апаларымыздың елу мыңға жетер-жетпес жалақы алатынын, жастарымыздың 30 мыңның көлемінде айлықты қанағат тұтатынын біреу біліп, біреу білмегенсиді. Мүмкін мұның себебі театрымыз мемлекеттік емес, яғни статусы төмен, қалалық театр саналатындығынан шығар. Сондықтан алар айлығымызға үкімет көмектессе деймін. Ал Астана қымбат қала екенін ескерсек, айлығымыз шайлығымыздан артылмайды...

- Бір сұхбатыңызда Алматыдан алыстап, шығармашылық тоқырауда жүргеніңізді айтыпсыз. Ендеше, кері қайтар ойыңыз жоқ па?

- Қоныс аударып, шығармашылығымды басынан бастау оңай болған жоқ. Ал кейде тоқырау деген қасиет өнер адамдарында кездесіп тұрады. Әрине, бар өнердің шоғырланған жері Алматы ғой. Онда студия, теле-радио, киностудия сияқты әртістерге барам деген жер көп. Мәселен, мұнда жүріп, түсірілетін киноға кастингті де естімей қаламыз. Астанада болған соң, бізді ондағылар шақыра да бермейді. «Көзден кеткен соң көңілден де кетеді» екенсің. Бұрындары жарнамаға түсуге шақырушы еді, Астанада екенімді айтсам, телефонды қоя салады. Шақыруға кеткен шығынды ойлайды ғой.

Алматыға барам-бармаймын деп, әзірше кесіп айту қиын. Жақында Алматыдағы Әуезов театрына бардым. Неше жыл бірге жүрген әріптестерімнің өнерін тамашалап, өнерлерінен ләззат алып қайттым. Пәленбай жыл жүрген ортаңды, ойнаған рөлдеріңді сағынасың. Менің кезінде сол театрда жасаған образдарым сол сахнада белгісіз қалып қойғанына, қаншама еңбектерімнің аяқсыз қалғанына өкінетінім де жоқ емес. Ал мұнда жаңа өмір, жаңа леппен ертеңге үміт артып, тіршілік кешіп жатқан жағдай бар.

- Қазірде театрлардағы бүгінгі заманға сай қойылымның жоқтығы өзекті тақырыпқа айналып кеткен сияқты...

- Иә, режиссерлер драматургтердің жазбайтынын айтса,   ал драматургтер: «Біз жазып жатырмыз, неге қоймайсың­дар?» - дейді. Ал осыдан соң актерлер кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін ажыратудан қалған сияқты. Шынымен де, бүкіл театрда да міне мынау деп көрсетер бүгінгі заман кейіпкері әлі шыққан жоқ. Бұл кімнің кінәсі? Драматургтер дұрыс жаза алмай жатыр ма, әлде режиссер барды танып,таңдай алмай жатыр ма? Бұл дегеніміз біздегі режиссерлер мен драматургтердің арасындағы байланыстың жоқтығын көрсетсе керек. Бүткіл қазақтың ішінен бүгіннің «геройы» табылмауы мүмкін емес...

- Ал театрларыңызда ауыз толтырарлық қандай жаңалықтарыңыз бар?

- Басшымыз Еркін Жуасбеков театрмен біте қайнасқан өнер адамы ғой. Осы азамат келгелі театрымыз үлкен шығармашылық қалықтау үстіндеміз. Жақында ғана халқымыздың аяулы азаматы Асанәлі Әшімов «Дон Жуанның жаңа думаны» атты қойылым қойды. Әзірше көрермендер мен сыншылар тарапынан жақсы пікірлер айтылып жатыр.

Әңгімелескен -

Ардақ Иманбекқызы,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» № 15 (98) 27 сәуір 2011 жыл

0 пікір