Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
46 - сөз 5263 15 пікір 9 Желтоқсан, 2018 сағат 19:57

Жастарды азғырған әлеуметтік желілер

Бұрын әлеуметтік желілер болмағанда мұндай сұмдықтарды әркімнен естіп жүре беретін едік. Осы күндері жастардың арасында не болып, не қойып жатқандығын еркін ресми ақпараттық сайттардан көре беретін болдық.

Мына оқиғада жас қыздар, ауыздарына келген сөздерін айтып, отырған қыздың шашын қиып, әлеуметтік желіге кіретін құпиясөзді сұраумен әлек. Сөздері мен әрекеттеріне қарасақ, ақысын алып тұрған сияқты.

Яғни, әлеуметтік желіде болған жағдайдың есесін қайтарып, жатыр. Осылайша, бір-біріне қатыгездік танытып тұрған түрлері.

Не деуге болады? Жастардың басқа айналысар ештеңесі жоқ. Мүмкін, осы күйлерімен тегін шаштараз кәсібін үйрететін 2017 жылы басталған Тегін кәсіптік білім беретін оқуға жіберу керек шығар?! Ол да шешім ғой...
Өйткені көп жас осылай әлеуметтік желіде желігіп, көшеге шығып ерігіп, ақырында бастарына бәле тілеп жүргені.

Бір сөзбен заманауи пікірмен айтқанда, жастар маргинализацияға ұшырауда. Әсіресе, аймақтық деңгейде анық байқалады. Сонда аймақтар немен айналысып отыр?! Дәл осындай жағдай болмаса да, жатақханаларда қыздардың қырғын төбелесі болды, бөлмелерінен ұялы телефондар ұрланып жатыр деген ақпараттарды естіп жатырмыз.

Тәрбиесіздік, қоғамдық жобаларды әлсіздігі, білім мен еңбек құндылықтарының болмауы, жалпы "тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын" демеп па еді хәкім Абай. Дәл сондай жағдай орын алып тұр. Оның үстіне жастардың әлеуметтік желіні керек үшін емес, ермек үшін пайдаланушылық ерекше басым. Бұл ойланатын мәселе!

Мақсат Жақаудың Facebook-тегі жазбасы

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1468
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1329
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1079
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125