Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3515 0 пікір 27 Сәуір, 2011 сағат 03:01

Талғат Мұсабаев американдық Aviation Week & Space Technology журналына Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктері туралы сұхбат берді

АЛМАТЫ.  27 сәуір.  ҚазАқпарат  /Сара Қабиқызы/-  Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат  Мұсабаев    американдық  Aviation Week & Space Technology  журналының өтінішіне орай басылымның Азия елдері  бойынша редакторы Лейтен  Франсиске  сұхбат берді.

Ғарыш    өнеркәсібі   туралы жазатын      американдық авиациялық   журнал  әлем елдеріне   тарайды және  ол  аптасына  100 мың    данамен   шығады.  «Біздің басылым  Қазғарыштың басқа ғарыш агенттіктерімен    арадағы халықаралық  ынтымақтастығы  туралы,  Қазақстанның ғарыш  саласының бүгінгі даму жолы  туралы тереңірек білгісі келеді»,  деді Л. Франсис  кіріспе сөзінде.

Журналистің «Қазсат» жерсеріктері  туралы  сауалына      берген жауабында   «Қазғарыш» басшысы,   2011  жылдың  маусым  айында Байқоңырдан   екінші  қазақстандық жерсеріктің   ұшырылатыны  туралы   айтты және  «Қазсат» сериясындағы үшінші  ғарыш  аппаратының жасалу жоспары  туралы әңгімелеп берді.

Т.Мұсабаев сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш  айлағын  акционерлендіру   мүмкіндігі  туралы әңгімеге  түсіндірме берді:  «Байқоңыр» ғарыш  айлағы акционерлендірілмейді, себебі  ол   Қазақстан Республикасының меншігі  болып  табылады    және    ол  Ресей Федерациясына 2050 жылға дейін  жалға берілген.   «Біз  бұл мәселені  телефон арқылы «Ресейғарыш»  агенттігінің басшысы Анатолий Перминовпен  талқыладық.    Кейбір бұқаралық ақпарат  құралдары    дабыра етіп жариялағандай, «Байқоңырды акционерлендіру  туралы ешқандай мәлімдеме  жасамағанын  айтты»,  деді    өз сұхбатында   Ұлттық ғарыш агенттігінің  басшысы.

«Қазғарыш»   басшысы  Қазақстанның ғарыш саласындағы жоспарлары  туралы   әңгімелеп берді және   агенттіктің бүгінде   елдің  ұлттық  ғарыш  саласын    құру   бағытында көпвекторлы    жұмыс  жүргізіп отырғанын  атап көрсетті.

Өз кезегінде   Л.Франсис мырза,   мазмұнды сұхбаты  үшін Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасына  алғыс білдірді және  Aviation Week& Space Technology журналындағы  Қазақстан туралы  осынау  алғашқы мақала   дүниежүзі  оқырмандарына Қазақстанның  ғарыш  державаларының қатарынан өз орнын  алуға  деген талпынысы  туралы     білуге мүмкіндік беретіндігіне сенім  білдірді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1529
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1392
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1140
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1158