Жексенбі, 5 Мамыр 2024
3868 10 пікір 6 Желтоқсан, 2018 сағат 11:02

«Алтын тобылғы» байқауының жеңімпаздары анықталды

ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры жыл сайын ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің өмірлік философиясын көрсететін қазіргі заманғы әдебиетке қоғамның қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастыратын «Алтын Тобылғы» байқауының қорытындысы жарияланды.

«Байқау аталымдары белгілі бір дәрежеде Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған халқымыздың рухани құндылықтарын айшықтайды. Сол себепті ұлтық мәдениетті, тарихты және ел жетістіктеріне арналған шығармашылық жұмыстарды біріктіріп, жаңа аталымды қосу мүмкіндігі қарастырылуда», — деді Қанат Жұмабаев.

Елбасы қоры ғимаратындағы жеңімпаздарды марапаттау кешінің қорытындысы мынадай болды:

1) «Жылдың үздік прозасы» – Айзат Рақыш «Адасқандар» шығармасымен

2) «Жылдың үздік поэзиясы» – Қайсар Қауымбек («Күңіренбе, молалар») және Айбол Исламғалиев («Жалғыздық картинасы»)

3) «Жылдың үздік балалар әдебиеті» – Алина Гатина

«Астананың 20 жылдығына арналған үздік шығарма» атты арнайы тақырыптық номинациясы бойынша  – Шерхан Талап («Астана бояулары»)

Биылғы жылы «Жылдың үздік драматургиясы» аталымы бойынша ұсынылған жұмыстардың қойылған талаптарға сай келмеуіне байланысты, жеңімпаз анықталған жоқ.

Сондай-ақ «Жылдың үздік прозасы» аталымы бойынша Тұрсынбек Башаровқа («Чириме») және «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы» аталымында Ақан Марғұланға («Жетіқарақшы») көтермелеу сыйақысы ретінде 500 мың теңгеден берілді.

Айта кетейік, бұл бірегей байқау Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласын жүзеге асыруға бағытталған. Өзінің бағдарламалық мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев дарынды және табысты жастарға назар аудару жайлы айтқан. «Алтын Тобылғы» байқауы жас жазушылардың шығармашылығына қолдау көрсету сияқты мақсаттарды алға қойып отыр. Байқау құрылтайшысы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жыл сайын 1,5 миллион көлемінде арнайы номинация тағайындады. Мәселен, 2015 жылы «Мәңгілік Ел» аталымындағы шығарма авторы, 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл аталымы бойынша жеңімпаз және былтыр «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы «Туған ел» тақырыптық аталымдары марапатталды. Биыл байқау төртінші рет өтті және Астананың 20 жылдығына арналды.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1413
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1246
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1004
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1071