Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2836 0 пікір 5 Желтоқсан, 2018 сағат 09:31

Сыртқы істер министрлігі Астана процесін "тиімді" деп санайды

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі (СІМ) "Сириядағы жағдайды реттеу бойынша өтіп жатқан Астана саммиті міндетін толық атқарып жатыр" деп санайды. Астанада өткен брифинг кезінде СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров "саммиттің негізгі мақсаты – Сириядағы ұрысты тоқтату" деп мәлімдеді.

Өткен аптаның соңында АҚШ-тың мемлекеттік департаменті "Астанада өткен соңғы саммитте тараптар Сирия конститутциялық комитеті мүшелерінің тізімін жасауда келісімге келе алмағандықтан, Сириядағы жағдайды саясат арқылы реттеу мүмкін болмай отыр деуге болады" деп мәлімдеген.

Қазақстан СІМ айтуынша, Сирия мәселесін реттеудің "саяси жолдарын" талқылау, Сирия конститутциялық комитетін құру – Біріккен ұлттар ұйымының өз бастамасы.

АҚШ Мемлекеттік департаменті 29 қарашада Ресей мен Иран Башар Асад билігінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарында айтылған саяси процеске қатысуға ниеті жоқтығын Астана процесі арқылы жасырып-жауып отыр деп мәлімдеген. Мемлекеттік департамент мәлімдемесінде Астанадағы соңғы келіссөзге қатысушылар Сирия конституциялық комитетіне кіретін мүшелер тізіміне келісе алмағаны, яғни, Сирия дағдарысын саяси жолмен реттеуде алға ілгерілемегені айтылады.

БҰҰ-да Ресей, Түркия мен Иран Астанада өткен соңғы келіссөзде Сириядағы дағдарысты саяси жолмен реттей алмағанын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір