Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
3413 2 пікір 4 Желтоқсан, 2018 сағат 16:52

Порошенко: Украина БҰҰ-ның Халықаралық сотына жүгінеді

Украина БҰҰ-ның Халықаралық сотына арызданып, Керчь бұғазындағы агрессиялық актіге Ресей жауапты екенін талап етеді. Бұл туралы ел президенті Петр Порошенко ICTV телеарнасының эфирінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, 25 қарашада ұсталған украин теңізшілері халықаралық заңдар аясында әрекет етті, ал ресейлік шекарашылар болса Қара теңіздегі бейтарап аймақта оларға шабуыл жасады. Қолға түскен украин шекарашылары Ресейде сотталмауы тиіс, өйткені олар агрессиялық акт құрбаны ретінде, Женева конвенциясына сәйкес, әскери тұтқын деп танылуы тиіс.

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот Ресейден 3 желтоқсанға дейін тұтқынға алынған теңізшілердің жағдайы мен олардың құқықтық мәртебесі туралы ақпарат беруін талап етті. Мәскеу бұл талапты орындамады деді Порошенко.

Аннексияланған Қырым жағалауларында Ресей шекарашыларының қолына түскен 24 теңізші екі айға - 25 қаңтарға дейін тұтқынға алынған. Олардың барлығы Мәскеудегі "Лефортово" және "Матросская тишина" тергеу абақтыларында отыр. Оларға шекараны бұзған деген айып тағылған.

Киев Қара теңіздегі оқиғаны агрессиялық акт деп бағалап, бұған Ресейдің арандатушылық әрекеті себеп болды деп мәлімдеді. Украиныа президенті елдің бірқатар аймағында әскери жүйе енгізу туралы заңға қол қойды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар