Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2416 0 пікір 26 Сәуір, 2011 сағат 05:41

«Полиция қылмысты ашуға неге қауқарсыз?» - республикалық басылымдарға шолу

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 26 сәуір, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Айта, айта Алтайды, Жамал апай қартайды» дегендей, сыбайластардың жемқорлы­ғы­на шек қойылмайтын болды. Өйткені, олардың дені қо­лын­да билігі бар лауазымды шенеу­ніктер болғандықтан, індет пен міндеттің айқасуымен ғана уақыт өтуде. Мұны Қаржы по­ли­циясы органы да теріске шы­ғарып отырған жоқ. Со­лар­дың жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, кә­сіп­керлік қыз­мет­ке заңсыз араласу жағ­дайы­ның көпшілігі мем­лекеттік ор­гандардағы лауа­зым­ды тұлға­лар тарапынан орын алады екен. Ал Елбасы шағын және орта бизнес субъектілерін қор­ғау және қолдау туралы тап­сыр­маны барлық мемлекеттік ор­гандарға артқаны белгілі. Алайда, олардағы билік тұтқасын ұс­тап отырған лауазымды тұлға­лар­дың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуының тоқтамай тұрғандығы алаңдатады», - делінген «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санындағы «Кәсіпкерге қысым күшейіп, пара алу ұлғайды» деген мақалада.

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 26 сәуір, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

«Айта, айта Алтайды, Жамал апай қартайды» дегендей, сыбайластардың жемқорлы­ғы­на шек қойылмайтын болды. Өйткені, олардың дені қо­лын­да билігі бар лауазымды шенеу­ніктер болғандықтан, індет пен міндеттің айқасуымен ғана уақыт өтуде. Мұны Қаржы по­ли­циясы органы да теріске шы­ғарып отырған жоқ. Со­лар­дың жедел-тергеу тәжірибесі көрсеткендей, кә­сіп­керлік қыз­мет­ке заңсыз араласу жағ­дайы­ның көпшілігі мем­лекеттік ор­гандардағы лауа­зым­ды тұлға­лар тарапынан орын алады екен. Ал Елбасы шағын және орта бизнес субъектілерін қор­ғау және қолдау туралы тап­сыр­маны барлық мемлекеттік ор­гандарға артқаны белгілі. Алайда, олардағы билік тұтқасын ұс­тап отырған лауазымды тұлға­лар­дың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуының тоқтамай тұрғандығы алаңдатады», - делінген «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санындағы «Кәсіпкерге қысым күшейіп, пара алу ұлғайды» деген мақалада.

Сондай-ақ аталмыш басылымның жазуынша, батысқазақстандықтар биылғы жойқын су тапшылы­ғы­на куә ғана болып қоймай, оның адам айтса нанғысыз зар­даптарын бастан кешуде. Осын­дай құбылыс өңірде соңғы рет қашан орын алып еді? Осындай сауалды бір-біріне қойып, анық-қанығына жете алмай жүргендер де жеткілікті. Ай­мақ­та гидрометеорологиялық ор­талық пен су шаруашылығы саласында жүрген маман­дар­дың мәлімдеуіне қарағанда сонау 1957 жылдың көктемінде Шаған мен Деркөл өзендерінен секундына 1280 текше метр су аққан екен. Бұл - судың осын­ша­ма тонна ауырлық күші бар деген сөз. Жолындағының бәрін жермен-жексен қылып, жайпап өте алатын ғаламат үлкен күш бұл. Аталған өзендерге келген биылғы су мөлшері де бұдан 54 жыл бұрынғы көрініспен қарайлас деп тұжырымдайды олар. Бұл туралы тереңірек білгіңіз келсе, «Тасқынның ащы сабағы» деген тақырыппен берілген мақалаға зер салыңыз.  

***

Студенттер мен жастардың тәуелсіз кәсіподағы кеше Алматыда мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесінің енгізілуіне наразылықтарын білдіріп, акция ұйымдастырды. Олардың айтуынша, мемлекет тегін білім беруді тыйып, студенттердің оқу ақысын ата-аналардың мойнына біржола жүктеп бермек. Аталған мәселе «Айқын» газетінің бүгінгі нөмірінде жарияланған «Білім берудің жинақтау жүйесі тиімді ме?» деген тақырыптағы мақалаға арқау болған. Кәсіподақ мүшелерінің пікірінше, білім берудің жинақтау жүйесін енгізу - жастарды қолдамайды, керісінше, олардың ата-аналарына үлкен салмақ түсіреді.

«Егер бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің бірнеше қызметкері таксистермен шекісіп, аттарын шығарса, осы жолы Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілдік кеңесшісі әуе экипажын қорқытып, ұшақты Ливияға айдап әкетпекші болған», - деп жазады «Айқын» газеті. Мақалада Қазақстанның БҰҰ-ның мәдениет, білім мен ғылым бойынша құрылымында жұмыс істейтін қазақстандық қызметкер Парижден Римге ұшып бара жатқан Alіtalіa компаниясының ұшағында стюардессаның мойнына пышақ тәрізді үшкір зат кезеп, ұшақтың бағытын өзгертуге тырысқаны жайында баяндалған. Оқиғаның одан әрі қалай өрбігені, ол азаматтың кім екендігі жайында тереңірек білгіңіз келсе, «Дүниені дүрліктірген дипломаттар» деген мақалаға көз жүгіртіңіз.

***

«Алаш  айнасы» газетінің тұрақты «Дат!» айдарында Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовпен арадағы сұхбат «Еуропалық әдебиеттің нәрін Әуезов арқылы алдық» деген тақырыппен берілген. Басылымның барлық сауалдарына тұщымды жауап берген ол: «Қазір де еркектен әйел көп. Бір Алматының өзінде 100 мың қыз-келіншек артық екен. Оларды кім алады? Тепсе темір үзетін 70-80 мың адам түрмеде отыр. Сондықтан қыз-келіншектердің бағын байламау керек. Біреулер сөгеді екен демеуіміз керек. Біздің заңдарымыз ұлттың келешегі жолындағы мүдделерге бағынуы тиіс. Екі әйел аласың деп ешкімді міндеттеме. Бірақ рұқсат беру қажет. Шамасы келсе алсын», - дейді.

Сондай-ақ аталмыш басылым бүгінгі санында «Полиция қылмысты ашуға неге қауқарсыз?» деген тақырыппен мақала басты. Басылымның Парламент депутаттарының сөздеріне сүйене отырып айтқандарына қарағанда,  қазағы қалың оңтүстік өңірдегі қоғамдық тәртіптің жайы жан шошырлықтай екен. Осыдан Парламент Мәжілісінің өткен аптадағы жалпы отырысында депутат Нұрдәулет Сәрсенов Премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына «сенсациялық» деректерге толы депутаттық сауал жолдады. «Сенсациялық» деп отырғанымыз, еліміздің барлық саласы бойынша көрсеткіштер қарқынды өсіп жатқанда, мұндағы мәліметтер құздан құлағандай кілең құлдырауларды көрсетеді. Мәжіліс депутаты Нұрдәулет Жұмағұлұлы келтірген деректер еріксіз таңдай қақтырады: өткен жылдың қорытындысы бойынша, ауыр жарақаттар салу - 18,9 пайыз, қарақшылық - 20,6 пайыз, бұзақылық - 26,4 пайыз, ұрлық - 35,1 пайыз (оның ішінде пәтерге ұрлыққа түсу - 57,6 пайыз, мал ұрлығы - 22,3 пайыз, автокөлік - 79,5 пайыз) көбейіп кеткен. Қылмыстардың ашылу көрсеткіштері де төмендеу үстінде екенін айтты депутат. Ал, жол апатынан қайтыс болғандардың үлесі 46,9 пайызға шарықтап шыға келіпті.

***

«Казахстанская правда» басылымының жазуынша, «Ыстамбул университетінде Қазақстанның Бас консулдығы мен түркиялық «Диалог Евразия» ұйымы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» атты дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды. Аталмыш жиынға қатысушылар еліміздің даму қарқыны мен демократиялық үдерістердің өркендеуіне жоғары баға берген.  Онда әсіресе Қазақстанның сыртқы саясаттағы қол жеткізген жетістіктері ерекше атап өтілді. Бұл жетістіктердің арасында әрине еліміздің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтасты ұйымына сәтті төрағалық етуі де сөз болды. Бұл туралы басылымының бүгінгі санындағы «Темпы развития впечатляют» атты мақаладан біле аласыздар.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2151
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2393
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661