Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2667 0 пікір 26 Сәуір, 2011 сағат 05:36

Қазақстан БҰҰ-ның есірткімен күресу жобасына донор болып отыр

БІШКЕК.  26 сәуір.  ҚазАқпарат  /Арнұр Рахымбеков/ -  Қырғызстанның  Премьер-Министрі  Алмазбек  Атамбаев есірткімен   және  қылмыспен күресуде    күш біріктірудің  қажеттілігін  атап  көрсетті.

Бұл туралы А.Атамбаев    БҰҰ   Бас  хатшысының  орынбасары,     БҰҰ-ның Есірткі және қылмыстық  мәселелер  жөніндегі  басқармасының   атқарушы    директоры Юрий Федотовпен   болған  кездесуде мәлім етті.

Қырғыз үкіметінің басшысы   есірткіге  қатысты елдегі күрделі     жағдай, есірткі бизнесінің лаңкестікпен,  экстремизммен  қосылу әрекеттері  туралы баян  етті.

Кездесу  қорытындысы  бойынша   «Қырғыз Республикасындағы   есірткіні  бақылау  жөніндегі  мемлекеттік қызметтің   әлеуетін нығайту туралы»   жобалық  құжатқа қол қойылды.  Бұл құжатқа сәйкес,        есірткінің заңсыз  айналымымен  күресетін  Қырғызстанның   арнайы  қызметінің   жұмысына  қолдау  көрсету,   органның әлеуетін арттыру  жоспарланып  отыр.  Бұл жобаға Ресей,  АҚШ   және Қазақстан  елдері  донор болып табылады.  Оны жүзеге асыруға  3,4  миллион  АҚШ доллары қарастырылған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2151
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2557
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2393
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661