Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2656 0 пікір 25 Сәуір, 2011 сағат 09:49

Олжас Сүлейменовтің кеңесшісі ұшақтағы жолаушыларды кепілдікте ұстамақшы болды

ЮНЕСКО-дағы өкіліміз Олжас Сүлейменовтің кеңесшісі Валерий Толмачев деген «мықты» ұшақтағы жолаушыларды кепілдікке алып Ливияға ұшып бармақшы болыпты. Толмачевтің «төтен ерлігі» туралы бүгін France Press агенттігі осындай хабар таратып үлгерді.

Әңгіме былай:

Парижден Римге жолаушылар тасымалдайтын Alitalia әуекомпаниясының №329 рейсіне масаң күйінде мінген Валерий экипаж командирінен ұшақтың маршрутын өзгертуді талап еткен. Оқиғасы қою фильмдердің біріне еліктегені ме екен, әлде  қан-жоса болып жатқан Ливия  халқын көріп қайтқысы келді ме екен,  әйтеуір талабы сұмдық Толмачев   стюардесса қыздың бірін пышақтап, жолаушыларға қоқан-лоққы жасап бағады.  Алайда, аспан жолында арақ ішіп есінен танған бұзақыны бұлғақтатып қарап отырсын ба, жолаушылардың бірі оны ұзынынан сұлатып Рим әуежайында полицияның қолына тапсырады. Толмачев «теуіп» кете жаздаған ұшақтың бортында 131 жолаушы отырыпты.

Бізге жеткен әңгіменің ұзын ырғасы - осы. Және белгілісі - Валерий Толмачев ЮНЕСКО-дағы Қазақстанның өкілі, Қазақстандағы орыс диаспорасы мен орыс тілінің дара жоқтаушысы Олжас Омарұлы Сүлейменовтің кеңесшісі көрінеді.

Жалпы  Толмачев дейтін кеңесшісінің кесірлі ісіне ұқсас келеңсіз жайттар бұрынғы сыртқы істер министрі - мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың тұсында көп көзге іліккен еді. Жаңа министр Қазыханов мырза елшіліктердің қызметін тәртіпке шақыратын шығар деген ойдамыз.

Толмачев дегенде ойымызға   «Олажас туралы повесттің» авторы, байырғы журналист Геннадий Толмачев түседі. Валерий «батыр» Олжастың аяулы досы Геннадийдің бұла өскен ерке ұлы деседі білетін жұрт.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2183
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2579
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2490
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1678