Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2648 0 пікір 25 Сәуір, 2011 сағат 08:53

Нұра Матай. Жетер!

«Қазсат» кетті қаңғырып. Оған жұмсалған аса ірі көлемдегі қаржының қайтарымы түгілі, көлеңкесінде көруге зармыз. Қайтарады дейді Қазғарыш. Қарқ қылады деген «Қазсатты» жасатқан теңгені үкімет жерден қазып алған жоқ. Халықтың табан ет маңдай терімен тапқан ақшасынан аузынан жырып отырып төлеген салығының есебінен төледі. Иә, «Қазсатты», иә қаражатты қайтар деп талап қояр елің біздің қазекең емес. «Жуас түйе жүндеуге жақсы». Осыны білетін үкіметте қу ғой, ақыры, ақшаға да, зау көкте ғайып болған зымыранға да жауапты болмай шықты. Есесіне, екіншісін қатырып жатырмыз деп екіленіп отыр. Сөйтіп, «Қазсатты» Ресей Қазақстанға деген «махаббатпен» жасамағаны жария болып қалды. Құйрығын бұлғаңдатып иесіне қайта барған иттей болып «Қазсат» екіні де орыстар «өлтіріп» жасап береді деп желпініп отырмыз. Құдай-ау, орыстан орыстың жорғасы бар ма?!

«Қазсаттың» әңгімесін Қызылбас елінің қырық батырының жырындай езіп отыруымызда гәп бар. Гәп - Байқоңыр. Орыстың зымырандары заулай ұшып, қазақтың жеріне қалдығын шашып, Байқоңырдың маңындағы атажұртында отырған қазақтың басының сақинасына айналғаны 20 жылға айналса да ешкімді аса қатты алаңдатқан емес. Ал, 49 жылға Ресейге жалға берілген Байқоңырдағы жағдайды айта-айта тілге теріскен шығуға айналды. Ондағы ғарыш айлағын жалға алған ел ол қаланы өз меншіктері ретінде қарап, онда Ресейдің заңынан басқаның көк тиындық құны жоқтығын талай рет дәлелдеген. Туларын желбіретіп, көкіректері көріктей болып жүр. Оған «әй дейтін әже, қой дейтін қожа» онсызда Мәскеу десе, орындарынан ұшып түрегелдерін өздері байқамай қалатын біздің билікте тірі пенде көрмедік. Сол саяси құлдықтың кесірі енді міне, алдымыздан кесе көлделең шыға келді. Жай шыққан жоқ. Саяси басыну,  менсінбеу болып атойлап шықты. Ресейдің федералдық ғарыш агенттігінің басшысы Анатолий Перминов «Шығыс» ғарыш айлағы» қолдануға берілген  соң Байқоңыр айлағын акционерлеу туралы ойын айта келіп, ғарыш айлағының 70 пайыз акциясы Ресейде қалады деп ғарыш айлағын ғана емес, қазақ елін басқарып отырғандай көсемсіп отыр. Ал, қалған отыз пайызын Қазақстан, Украина, Еуропа елдері мен АҚШ өзара бөлісуіне болады депті. Сонда кім кімнің жерін жалға алып отыр өзі?! Сонда Ресей Қазақстанды сол баяғы өзінің отары санайтын болып тұр ғой. Әйтпесе, Перминов Байқоңыр жөнінде атасынан қалған мұрасындай сөйлер ме еді?! Агенттік басшысы бұлай десе, прьемер-министрі мен президентінің Қазақстан туралы түпкі ойын аңдай беріңіз. Шырт ұйқыңыздан шошып оянасыз.

Ал, біздің Тәкең - Талғат Мұсабаев не деді дейсіз ғой. О кісі: «Ресейдің ондай құқы жоқ. Өйткені, Байқоңыр - Тәуелсіз Қазақстанның жері. Ол тек жалға берілген» деді. Жарайсың Мұсабаев! Тек өзіңді тыңдар құлақ табылса, әрине...

Дегенмен, Анатолийдің аузынан шыққан сөз Қазақстанның 20 жылдағы сыртқы саясатта, оның ішінде Ресейге қатысты ұстанымының тым осал болғандығын паш етті. Және әлемде зымыран жасайтын өзге де елдер бола тұра, Қазақстанның ғарыш кемесін Ресейге жасатуы саяси һәм стратегиялық қателік. Ресей мамандарының қолынан шыққан «Қазсаттың» қаңғып кеткенін көре тұра тағы да орыстарға сенім арту - дені сау адамның ақылына қонбайтын шаруа. Демек, Ресеймен ара-қатынас туралы мықтап ойланатын уақыт жетті. Онсыз да Ресейдің әкесі - СССР-ден көрешегімізді көргенбіз. 70 жыл бас хатшының, 300 жыл ақпатшаның тепкісіне тойып болған шығармыз! Жетер!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2183
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2579
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2490
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1678