Сенбі, 11 Мамыр 2024
2460 0 пікір 23 Қараша, 2018 сағат 15:25

Түркістан облысында көмір тапшылығы жоқ

Биыл Түркістан облысында көмір тапшылығы жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым мәлім еткен.

 «Түркістан қаласының жылу маусымына тұрмыстық-шаруашылыққа қажетті көмір отынының керекті көлемі 90 мың тоннаны құраса, оның бүгінге қамтамасыз етілгені 85 мың тонна. Бүгінгі таңға, Түркістан қаласындағы көмір базаларындағы отынның қоры 1,4 мың тоннаны құрайды. Қосымша қалаға күнделікті көмір тасымалдануда. Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы «Қазақстан темір жолы» кәсіпорнымен бірлесіп көмір тасымалдау барысына күнделікті мониторинг жүргізілуде», — деді М.Марайым.

Брифинг барысында басқарма басшысы өңір тұрғындары жылына тұрмыстық-шаруашылық көмірге қажеттілігі 1 млн. тонна екенін айтты. Оның 750 мың тоннасын тұрғындар пайдаланса, 250 мың тоннасы жылы жайларға жұмсалады. Бүгінге облысқа 870 мың тонна көмір жеткізілген болса, оның 19 мың тоннасы көмір базаларында. Жалпы, облысқа күніне орташа 2,5 мың тонна шамасында көмір келеді.

Оңтүстік өңіріне тұрмыстық-шаруашылық көмір, негізінен Қарағанды облысының «Шұбаркөл» және Павлодар облысының «Майкөбе» кендерінен тасымалданады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1931
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2105
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1748
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1528