Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
2250 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 15:06

Қазығұрт ауданы тұрғындары бұқаралық спортқа ден қойған

SONY DSC

Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі —«Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мəн əл ауқаты» тармағында: «…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы жəне оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына əзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тəуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тəрбиелеу басты талап етіп қойылған

Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы Елбасының Жолдауын Егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын алтын сүрлеу десе болады.

2020 жылға дейін еліміздегі азаматтардың 30 пайызы бұқаралық спортқа тартылуы керек. Бұл қазақстандағы спортқа жауапты тұлғаларға жүктелген Мемлекет басшысының тапсырмасы. Сол себепті қазір қала мен ауылдарда жаңадан спорт кешендері ашылып, азаматтардың салауатты өмір салтын ұстануға көп жағдай жасалуда. Мысалы Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында тұрғындардың 27 пайызы бүгінде бұқаралық спортқа ден қойды. Атқамінерлер алдағы екі жылда жоғарыдағы межеге жетеміз деп құлшынып отыр.

Қазығұрт ауданында бүгінде балалар мен жасөспірімдерге арналған 4 спорт мектебі бар. Оларда 2000 астам бала спорттың 20 жуық түрімен айналысады. Қазір ауданда екі спорт кешені бар болса, жуарда жаңадан үшіншісі пайдалануға беріледі. Әрине спорт кешендерінде жаттығып жатқандардың бәрі бірдей ел намысын қорғап, даңқты спортшы атанбаса да жүздеген баланың арасынан бір мықтының шығары анық. Ондай дарынды ұл-қыздарды жаттықтырушылар тұрақты түрде ауыл-аймақтарды аралап, іздеп табады екен.

Құралбек Бұхаров

Қазығұрт аудандық спорт бөлімінің басшысы

Біз негізі ауыл-ауылдардағы мектептерге барып, хабарландырулар ілеміз. Сөйтіп жас спортшыларды іріктеп, оларды жаппай оқытамыз. „Жүзден жүйрік, мыңнан тұлрпар„ демекші араларынан мықтылары суырылып шығады. Сол балалармен біздің жаттықтырушыларымыз ерекше жұмыс жасайды.

Мәселен Қазығұрт ауданының өткен жылғы спортта жеткен жетістіктерін тізіп айтар болсақ 2017 жылы жастар елімізде және шетелде өткен жарыстарда 45 алтын, 76 күміс пен жүзден астам қола жүлдені омырауға таққан. Олардың арасында алдағы олимпиада ойындарына барып, бақ сынауы мүмкін деген спортшылар да жоқ емес.

Кез-келген спорт саласының тізгінін нағыз майталман маман ұстаса ғана, сол саланың асығы алшысынан түсері анық. Себебі кәсіби маман ғана балаларға не үйрету керек екенін және мықты спортшы дайындау үшін қандай жағдай жасалу қажеттігін жетік біледі. Салауатты өмір салтын ұстанған жандар өз кезегінде қатардағы азаматтарға спортпен айналысып, сергек жүруге кеңес береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1996
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2416
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1971
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1576