Сенбі, 11 Мамыр 2024
2769 0 пікір 26 Қараша, 2018 сағат 09:51

Түркістан облысында асфальт-бетон зауыты іске қосылды

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында қазақстан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға  ерекше мән беретіндігін айтты. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту мәселесін де оңтайлы шешу қажеттігін атап көрсетті.

Осыған орай Түркістан облысында 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын асфальт-бетон зауыты іске қосылды.

Кәсіпорын грециялық «Soldatos» ЖШС-гі мен «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның филиалы - «TURKISTAN INVEST» инвестициялық компаниясының бірлесіп атқарған жұмыстары нәтижесінде ашылып отыр.

«TURKISTAN INVEST» инвестициялық компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жобаны жүзеге асыру мақсатында тартылған инвестицияның жалпы құны 300 млн теңгені құрайды.  Зауыт Мақтарал ауданындағы индустриалдық аймақтың 3 гектар жер аумағында салынған. Жобаның жоспарланған жылдық қуаттылығы - 20 мың тоннаны құрайды. Өндіріс басына 30 адам тұрақты жұмысқа тартылып отыр.

Алдағы уақытта дайын өнім Қазақстан бойынша сатылады деп жоспарланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1935
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2127
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1763
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1532