Жексенбі, 28 Сәуір 2024
46 - сөз 3877 3 пікір 23 Қараша, 2018 сағат 17:38

Сұрақ

Қожанасырдан есегін сұрап келген адамға Қожекең:
- Есегім жоқ! - депті. Сол кезде қорадан есектің ақырған даусы шығады. Әлгі адам:
- Ел сыйлаған, көпті көрген адамсыз, неге өтірік айтасыз? Есегіңіз қорада тұр ғой - десе, Қожекең:
- Сен есекке сенесің бе, әлде ел сыйлаған, көпті көрген құрметті адамға сенесің бе? - депті.
Бұл әңгімені бәрің жатқа білесіңдер ғой, әрине. Енді сұрақ:
- Есекке сенетін уақыт болған жоқ па?

Асқар Наймантаевтың facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір