Сенбі, 18 Мамыр 2024
Билік 3521 28 пікір 23 Қараша, 2018 сағат 09:53

Темір қорытылған өлке ұмыт қалмасын

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы дала жеті қыры» мақаласында біздің тарихымыздағы ұмытуға болмайтын негізгі мәселелерді атап өтті. Біз тарихымызды толыққанды түсіну және түйсіну үшін Ұлы Даланың барлық қырлары объективті зерттелген әрі нақты ғылыми деректерге сүйену қажет. Елбасы ол үшін өз мақаласында бірқатар ірі жобаларды ұсынып отыр. «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасы, «Ұлы даланың ұлы есімдері» энциклопедиялық саябағы, Ұлы дала тұлғалары ғылыми-көпшілік сериясы, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін», «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейі, «Ұлы даланың көне сарындары» жинағы осы жобалардың аясында қамтылған. Басқа да жобаларды іске асыру «Қазақстан» атты мемлекеттік брендімізді қалыптастыруда және отандық туризмді дамытуда зор қолдау болатыны сөзсіз.

Елбасы мақаласына орай Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданының аумағында орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге назар аударғым келеді. Ұлытау – ел есіміндегі киелі орындардың бірі. Бұл жер ғұн, көктүрік, Алтын Орда мен Қазақ хандығының орталығы болған. Ерте заманда бұл өлкеде тау-кен өндірісі дамып, қола, жез, қорғасын және темір қорытылып шығарылған. Орта және қола ғасырлар мен сақ заманында ежелгі ауылдар және Жезқазған, Ұлытау мен Жезді аймақтарының кен орындарында жез рудаларының үлкен мөлшері өндірілді. Қазіргі таңда металлургияның ежелгі орталығының бірі ретінде Талдысай мекені жақсы сақталып, оған тарихи ескерткіш мәртебесі берілді.

Жезқазғанның солтүстік-шығысынан 50 шақырым жерде Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханның кесенесі орналасқан. Одан сәл ары Қазақстанның ежелгі ескерткіштерінің бірі, Қарахан кезеңіне дейінгі VIII-IX ғасырларда салынған Домбауыл кесенесі бар. Ал Малшыбай ауылының тұсында ең үлкен әрі көрнекті ескерткіш – Алашахан кесенесі тұрғызылған. Алашахан туралы нақты тарих қалмаса да, ел арасында жүрген аңыздар аз емес. Жезқазған қаласынан 85 шақырым жерде жартасқа ежелгі суреттер салынған археологиялық ескерткіш – Теректі әулие орналасқан. Бұл тарихымыздағы ерекше ескерткіш екенін атап өткен жөн. Мұнда бабаларымыздың материалдық, рухани және әлеуметтік өмірінің ерекшеліктері туралы мәліметтер беретін тасқа қашалған петроглифтер сақталған. Жалпы алғанда Жезқазғанның айналасында он бес шақты кесене бар.

Ұлытау өңірінің тарихи мен табиғатын жан-жақты насихаттау, ең алдымен өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуде аса маңызды. Бұл ретте, Үкімет Ұлытау өңірінде мәдени-туризм аймағын, соның ішінде тарихи ескерткіштерге апаратын жолдар мен инфрақұрылымды одан әрі дамыту бойынша шаралар қабылдауы тиіс.

Сергей Ершов

Парламент Сенатының депутаты

Abai.kz

28 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2541
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2300
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646