Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 3815 19 пікір 22 Қараша, 2018 сағат 13:04

Қазақтың мықтылары жайлы дені дұрыс бір фильм түсірілген жоқ

Ақтөбеде таңғы ас ішіп отырып Елбасының  "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын оқып шықтым. Жеті қыры да жақсы ойларға жетелейді. Шығатын түйін- БІЗ ЕШКІМНЕН КЕМ ЕМЕСПІЗ! Мынау ұлы далада ұлылар өмір сүріп, ұлы жаңалықтар әкелген.

"Ұлы дала тұлғаларына" арналған тарихи-көркем фильмдер, сериалдар түсіру қажеттілігі жайлы айтқан Президент сөзін енді науқанға айналдырып, әлгі тілден, тарихтан, дәстүрден мақұрым "пысықайлардың" қолына тағы да "ұлы тұлғаларымызды" ұстатып жібермесе болды деп те уайымдап отырмын. Осы уақытқа дейін қазақтың мықтылары жайлы дені дұрыс бір фильм түсірілген жоқ. Оны мойындау керек! Киноның Абайы анау, Махамбеті мынау болды. Қажымұқанын қарауға ұялдық, Мұстафа Шоқайына бетті бастық. "Баян сұлуы" жайлы айтуға ұят!

Енді Нұрсұлтан Назарбаевтың осы мақаласынан кейін басталатын дүрмекте "Ұлы даланың тұлғалары" жайлы түсірілетін фильм, сериалдар қатаң бақылауға алынуы тиіс! Оның түсірілім тобы қазақ тарихынан хабардар, тілге жетік, жүрегі алаш деп соғатын кәсіби мамандардан құралуы керек! Шетелдік маман кинода шекемізді қыздырмайды. Оны көрдік. "Көшпенділер" соның дәлелі. Әзірге осы!

Арман Сқабылұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

19 пікір