Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
3944 0 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 14:48

ҚР Ұлттық банкі «Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмді ұсынды 

ҚР Ұлттық банкі Қазақстан ұлттық валютасы - Теңгенің 25 жылдығын мерекелеуге орай «Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмді ұсынды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкі Facebook-тегі ресми парақшасында жариялады.

«Қазақстан ұлттық валютасы – теңгенің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңында Сіздердің назарларыңызға «Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмнің анонсын ұсынып отырмыз.

25 жылда теңге ғана емес, еліміздің бүкіл қаржы жүйесі де бірнеше даму сатысынан өтті. Елдің қаржы нарығы барынша айқын болды, жаңа технологиялық және цифрлық шешімдер кеңінен енгізілуде, жаңа бағдарлар мен мақсаттар алға қойылуда, олардың көмегімен Қазақстанның қаржы жүйесі әрі қарай табысты дамуын жалғастырады.

[embed]

[/embed]

«Теңге: 25 жыл бірге» атты деректі фильмнің премьерасын 2018 жылғы 15 қарашада «Хабар» телеарнасында мемлекеттік тілде 17:30-да, орыс тілінде 15:00-де, сондай-ақ «KazakhTV» телеарнасында орыс тілінде 21:20-да қараңыздар», - делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2081
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2504
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2147
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612