Сенбі, 27 Сәуір 2024
6611 1 пікір 6 Қараша, 2018 сағат 09:08

"Ұлттық құндылықтар - ұлт қорғаны" мақалалар байқауы жарияланды

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Адырна» ұлттық порталында «Дін мен дәстүр» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны» атты тақырыпта мақалалар байқауын жарияланып отыр.

Байқаудың мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу, сырттан келіп жатқан әртүрлі діни ағымдардың салт-дәстүрді жоққа шығару сияқты қауіпті үрдістердің себеп-салдарын ашып көрсету, төл ұлттық құндылықтарымыздың мән-мағынасына, мазмұнына терең бойлауға талпыныс жасау.

Байқау жеңімпаздарына арнайы медальдар және бағалы сыйлықтар беріледі.

Байқауға материалдар тапсыру 5-қараша сағат 9.00-де басталып, 25-қараша сағат 18.00-де аяқталады. Жеңімпаздар қараша айының соңында өтетін Естай Беркімбайұлының шығармашылығына арналған концертте салтанатты түрде марапатталады.

МАҚАЛАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
* Көлемі 7 беттен аспауы керек.
* Әрпі 14 шрифтпен, 0,5 интервалмен жазылуы керек.
* Автор мақалаға толық аты-жөнін, фотосын, телефон нөмірін қосып, qazadyr@gmail.com электронды поштасына жолдауы тиіс.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР:
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы.
«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі.

Abai.kz

1 пікір