Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
3156 1 пікір 2 Қараша, 2018 сағат 10:09

Мәдениет және спорт министрлігінің екі қызметкері "пара алу" күдігіне ілінді

Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мәдениет және спорт министрлігінің екі қызметкері үстінен сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз хатшысы Жанна Бастарова Астанада 1 қараша күні өткен брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы мен әкімшілік департаментінің директоры үстінен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Олар мердігер ұйым жетекшісінен мемлекеттік сатып алу келісімін жасасқаны және қамқорлық көрсеткені үшін пара алды деген күдікке ілінді" деді Бастарова.

Осы аптаның басында жергілікті ақпарат агенттіктері сот Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевті кепілге босату туралы бұлтартпау шарасын белгілегенін хабарлаған. Сонымен қатар, министрліктің әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаевтың үйқамаққа алынғаны белгілі болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1611
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1511
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1258
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1228