Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2282 0 пікір 23 Қазан, 2018 сағат 10:30

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметінен уақытша шеттетілді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Ерік Өтембаев уақытша қызметінен шеттетілді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

16 қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі​ Өтембаев ірі көлемде қаржы жымқыру күдігіне ілінгенін хабарлаған. Агенттіктің дерегінше, Өтембаев Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің құрылысын салу кезінде заң бұзған. Бұл заңсыз әрекеттің шығыны 140 миллион теңгені құрайды.

Өтембаев Өзбекстандағы Қазақстан елшісі болып 2016 жылы тағайындалған.

Abai.kz

0 пікір