Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Алаш арысы 5074 2 пікір 18 Қазан, 2018 сағат 10:51

Елді дүрліктірген Қарабалық батыр ескерткіші тұғырға қонды

Қарабалық ауданында таяуда ғана ғаламтор тұтынушылары арасында қызу талқыға түскен құлатылған ескерткіштің орнына жаңа мүсін орнатылды. Қарабалық батырдың ескерткіші 25 қазанда ресми түрде ашылады.

2015 жылы қазақ хандығының 550 жылдығына орай орнатылған ескерткіш жарамсыз болып қалған болатын. Қарабалық ауылы әкімдігінің өкілдері осыған орай басқа шешім қабылдады. "Жаңа нысан таза қоладан жасалды және бұрынғы ескерткіштен 50-70 сантиметрге биік болды. Ол үшін Алматы қаласына тапсырыс берілді. Бұл мүсін "Қарабалық батыр" қоры қаржысына әзірленіп жатыр", — деп ақпарат берген еді селолық округ әкімі Асан Шектібаев.

Жаңа ескерткіштің суреттерін сол аудандағы Жаңбырбай Көлбаев есімді оқырман облыстық «Қостанай таңы» газетінің  редакциясына жолдапты.

«Абай» порталында да Қарабалық батыр туралы материалдар берілген болатын. Қараңыз. "Құлатылған ескерткіш орнына ешкімге белгісіз Қарабалық батырдың мүсіні қойылады", "Қарабалық батыр өмірде болған адам", "Аңыздық деректерге абай болайық!"

Енді оқырмандардан сүйінші сұрауға болатын секілді. Батыр ескерткіші тұғырға қонды. Ол Тоғызақ өзенінің жағасына, аудан орталығына кіреберісте орналасқан. Аудан орталығы да осы батырдың есімімен аталады.

Асылбек Шаяхмет

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1314
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1179
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 919
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1035