Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2756 0 пікір 6 Сәуір, 2011 сағат 03:02

Елбасын сайлаудағы жеңісімен Люксембург премьері Жан-Клод Юнкер құттықтады

БРЮССЕЛЬ. 6 сәуір.  ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ -  Елбасын  сайлаудағы айқын жеңісімен   құттықтаған    хаттардың   легі  жалғасуда.

Люксембург  Герцогтығының   Премьер-Министрі Жан-Клод  Юнкер  де  Қазақстан  Президентінің атына   өз құттықтауын  жолдады.   Жан-Клод Юнкер сондай-ақ   біртұтас  еуропалық валюта  - еуроны  қолданатын  Еуроодақ елдері  қаржы министрлерінің бірлестігі  -  «Еуротоптың»  президенті болып табылады. Бұл туралы Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінен  хабарлады.

Жеделхат мәтінінде  былай делінген:

Президент мырза,

Қазақстан   Республикасының Президенті болып қайта  сайлануыңызға  орай, Ұлы Люксембург   Герцогтығы үкіметінің     атынан және жеке  өзімнің атымнан   ізгі тілегімді  жеткізгім  және   Сізге   осынау  жоғары лауазымда    үлкен  жетістіктер  тілегім келеді.

Елдеріміздің   және  халықтарымыздың арасындағы      қарым-қатынастарды  достық пен  ынтымақтастық рухында   нығайту  үшін Сізбенен жұмыс істеуді    жалғастыратыныма    бақыттымын. Сондай-ақ   өзара   мүдделі   түрлі   екіжақты және көпжақты мәселелерді Сізбенен   талқылаудың  мен үшін үлкен  құрмет екенін   жеткізгім келеді.

Жақын   арада  Люксембургта Сізбенен  кездесуге  үміттімін   және  Сізге  деген     үлкен   құрметімді  жеткізгім келеді.

Премьер-Министр

Жан-Клод Юнкер

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636