Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Әдебиет 4340 2 пікір 11 Қазан, 2018 сағат 13:14

Алматы жұртшылығы Шерхан Мұртазамен қоштасты

Алматыда қазанның 11-і күні М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында халық жазушысы Шерхан Мұртазамен қоштасу рәсімі өтті.

Қоштасуға марқұмның туыстары, ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, әкімдер мен министрлер, парламент депутаттары қатысты. Қаралы жиын барысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Сондай-ақ Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назабаевтың хатын оқып берді.

«Шерхан Мұртазаның отбасы мен жақын туысқандарына жазушының ортамыздан өткеніне байланысты қайғырып көңіл айтамыз. Халқымыздың сүйікті перзенті бүкіл ғұмырын еліміздің өркендеуі мен төл әдебиетіміз, мәдениетіміздің дамуына арнаған бір туар азамат еді», - делінген жолдау хатта.

Қазақ халқы Шерxан Мұртазамен қоштасты

Сонымен қатар, жазушының шәкірттері мен жақындары сөз сөйлеп, марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Марқұмды Алматыдағы Кеңсай зиратына жерледі.

Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекет қайраткері Шерхан Мұртаза 9 қазан күні Алматығы үйінде ауыр науқастан қайтыс болған еді.

Abai.kz

2 пікір