Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2696 0 пікір 5 Сәуір, 2011 сағат 03:00

Қазақстандықтардың қонақжайлығы мені тәнті етті - бельгиялық астронавт Франк Де Вине

БРЮССЕЛЬ. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ -  2009 жылы  «Байқоңырдан» Халықаралық  ғарыш  стансасына аттанып,    тапсырманы орындағаннан кейін Қазақстан  жеріне  қонған бельгиялық астронавт Франк Де Винне   қазақстандықтардың  қонақжайлығына   тәнті екенін      жеткізді.    Бұл туралы  ол      Брюссельде  қазақстандық   журналистерге берген сұхбатында айтты.

«Мен  сапарымның,  Юрий  Гагарин  ғарышқа аттанған  айлақта  өткеніне     өте  бақыттымын.  «Байқоңырдың»  тарихы  өте  бай.  Мен  онда   екі апта тұрдым.  Ол  мамыр  айы  еді, ауа райы   жылы болды,    сондықтан  да   менің  жүрегімде тек  жақсы естеліктер   қалды», деді  өз ойымен бөліскен  Ф. Де Винне.

Бельгиялық астронавт    Халықаралық ғарыш  стансасынан  Жерге  оралған кезде,   іздеу  тобы    оларды  үлкен   қошеметпен   күтіп алғанын  әңгімелеп  берді. «Дәстүр бойынша иығымызға  шапан жапты,  үлкен   қошеметпен қарсы  алды, бізге  барынша жағдай  жасады.   Мен қазақстандықтардың    қонақжайлығына тәнті  болдым»,  дейді  ғарышкер.

Бельгиялық астронавт  ғарышқа екі рет сапар жасаған. Ол   орбитаға барып қайтқан   екінші  бельгиялық  азамат.  Де Винненің  бірінші сапары   2002 жылы  30 қазан  мен  10  қарашаның аралығында  өтсе,  екінші сапары  2009 жылы  27 мамырда  болды.    Ресейлік  ғарышкер  Роман  Романенко  мен  канадалық  астронавт Роберт Тирскпен аттанған   екінші сапарында      орбитада  188 тәулік  болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636