Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2540 0 пікір 5 Сәуір, 2011 сағат 02:56

Еурокомиссияда адамның ғарышқа алғашқы сапарының 50 жылдығына орайластырылған көрме ашылды БРЮССЕЛЬ. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/

12 сәуірде  бүкіл әлем    «Байқоңыр» айлағынан   1961 жылы  ғарышқа  аттанған    Юрий Гагариннің    алғашқы   сапарының  50   жылдығын   тойлайды.   Осынау атаулы күннің  қарсаңында,  дүйсенбі,  4 сәуір күні    Брюссельде,    Еурокомиссия  ғимаратында    адамның ғарышқа алғашқы сапарының  50 жылдық мерейтойына  орайластырылған    көрме ашылды.

Ресей Федерациясының Еуропалық  одақ жанындағы  тұрақты өкілі   Владимир  Чижов  қазақстандық   журналистерге берген сұхбатында,   «бұл жалпы  адамзат  үшін маңызы  зор  оқиға.  Бүгін біз, Еурокомиссияның  ғарыш  саласымен айналысатын   өнеркәсіп  жөніндегі  бас директораты  орналасқан   ғимаратында    осынау көрмені ашып отырмыз»,  деді.

Ресейлік    дипломаттың айтуынша,  көрменің мақсаты -еуропалық  жұртшылықтың назарын  тек  тарихқа  ғана аударып қоймай,   космонавтиканың  өткен 50  жылда    үлкен   техникалық жетістіктерге  қол  жеткізе алғанын көрсету.

Ал  ғарыш  саласындағы   қазақстан-ресейлік қарым-қатынасқа  тоқталған РФ  дипломаты,   «біздің ынтымақтастығымыз  -   Ю.Гагарин  сапарынның тұсында   және «Байқоңыр»  ғарыш айлағы салынғаннан бері басталған  өзара іс-қимылдардың   жалғасы... Бұл ынтымақтастық   жалғасуы  және  кеңеюі керек»,   деп атап көрсетті.

Көрмеге   адамның ғарышқа  алғашқы сапарының тарихына, ғарышты игеру  дәуірінің  басталу  тарихына арналған     фотосуреттер  қойылған.    Ғарыш  саласындағы халықаралық   ынтымақтастыққа  арналған   жеке стенд   тағы  бар.  Оған қоса,   «Восток» және  «Союз»    зымырантасымалдағыштары мен  ғарыш аппараттарының модельдері  қойылған.  Ресей Федерациясының Еуроодақ жанындағы  тұрақты   өкілдігі    бұл шараны Еурокомиссиямен, Еуропалық ғарыш орталығымен,  Еуропалық   ғарыш  агенттігі   және  «Ресейғарыш» агенттігімен бірлесіп  ұйымдастырып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2245
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637