Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3080 0 пікір 9 Қазан, 2018 сағат 10:12

Алматы үшін «таулы кластер» жобасы жасалып жатыр

Қазір елімізде сырттан келетіндерге көрікті жерлеріміз бен жер-суымызды көрсету үшін туризм саласы жылдам даму үстінде. Осы ретте бүгінгі таңда әлемнің саяси жағынан тұрақты және жылдам дамушы 64 елінің азаматтары Қазақстанға туристік мақсатта келуге мүмкіндік алған. Соған байланысты жыл аяғына дейін бастапқы тәртіпте 128 елдің азаматтарына Астана мен Алматы әуежайларында елімізге визасыз кіруге жеңілдетілген құқықтар берілген.

Бұл жайында жақында Парламент Мәжілісінде өткен үкіметтік сағатта ҚР мәдениет және спорт министрі А.Мұха­медиұлы мәлімдеді. Сонымен қатар, республика аумағынан ұшып өту бары­сында жолаушыларды қаламызбен таныстыру мақсатында да бірқатар жұмыстар қолға алынып жатыр екен. Мысалы, осы ретте Алматы аумағы үшін «таулы кластер» жобасы жасалып жатыр дейді. Негізінде, бұл кластер ішкі және сырттан келуші туристердің саяхаттап жүруі үшін Қаскелең мен Түрген таулары араларын қамтитын көрінеді. Ал оның құрамына қала аумағындағы «Шымбұлақ», «Алматау», «Бутаковка», «Табаған», «Орман ертегісі», «Ақбұлақ» секілді тұмса табиғат аясындағы көрікті жерлер кіреді. Сонымен қатар, бұл кластерге аталған аралықтарды бір-біріне қосатын аспалы жолдар мен таулы соқпақ-сүрлеулер инфрақұрылым­дары да қосылады екен.

Қысқасы, жобаны іске асыруды, яғни оның құрылысы мен инфрақұрылымын жетілдірудің 30 пайызын мемлекет өз мойнына алып, бизнес өкілдері туристік инфрақұрылымның өзін салуға жұмсала­тын қалған қаржының 70 пайызын бөліп алатын болып келісіліпті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2157
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2564
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2428
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1665