Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3492 0 пікір 9 Қазан, 2018 сағат 09:37

Сирия оппозициясы Идлибтегі соғыс алаңынан қару-жарақтарын шығарды

Сирия қарулы оппозициясы дүйсенбі күні елдің солтүстігіндегі Идлиб провинциясынан ауыр қару-жарақтарын шығарды. Бұл қауіпсіз аймақ құру жөніндегі Ресей мен Түркия келісімі аясында жасалынды деп хабарлайды Reuters.

Аймақтан мина атқыш, көкке атылатын ауыр зеңбірек және зымыран қондырғылары шығарылған. Бірақ аталған аймақта Анкара қолдауына ие оппозиция күштері қала бермек. Олар атыстың тоқталғанын қадағалайтын болады.

Бұл уақытта Идлибтегі ең ірі жиһадшы топ "Тахрир аш-Шам" әлі соғысты аяқтау жөніндегі келісімге қатысты пікірлерін білдірмеді.

Аталған келісім Дамаскінің Идлиб провинциясын әскери күш арқылы толық қадағалауына алмақ болған әрекетінің алдын алды. Әлемдік лидерлер мен БҰҰ өкілдері мұндай операция 3 миллион халқы бар аймаққа үлкен қатер төндіреді деген. Сол кезде АҚШ Сирия президенті Башар Асадқа егер химиялық қару қолданар босла, қарсы соққы береміз деп ескерткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2560
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2412
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1663