Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2607 1 пікір 9 Қазан, 2018 сағат 09:35

Қырғыз парламентіне экс-президентке тиіспеушілік мәртебесін алу жөнінде заң жобасы түсті

Жогорку Кеңешке экс-президентке қол сұқпаушылық мәртебесін алып тастау жөніндегі заң жобасы түсті. Сонымен бірге қазіргі президентті мемлекет тарапынан қорғаудан бас тарту ұсынылған.

«ҚР президенті қызметтерінің кепілдігі жөніндегі» заң жобасына өзгеріс енгізуді парламент депутаттары Исхак Масалиев пен Курманкул Зулушев ұсынды. Құжат авторлары экс-президентке тиіспеушілік жөніндегі заңның 12-бабы Конституцияға қайшы келеді дейді. Негізгі заңда барлық азаматтар заң алдында тең деп көрсетілген. Енді құжатта заңнан 12-бапты алып тастау ұсынылған.

Мұнан бөлек депутаттар 4-бапты да алып тастауды көздеп отыр. Онда "қазіргі президент мемлекет қамқорлығында, оның абыройы бас прокурор тарапынан қорғалады" деп жазылған.

Қазан айының басында Жоғарғы соттың Конституциялық палатасы заңгер Нурбек Токтакуновтың экс-президентке құл сұғылмаушылық мәртебесі Конституцияға сәйкес келмейді деп табу жөніндегі шағымын қараған. Токтакунов сол кезде Конституциялық палата «Президент қызметтерінің кепілі жөніндегі» заңның 12-бабы Негізгі заңға қайшы деп таныды деген.

Қырғызстанның экс-президенті мәртебесі Роза Отынбаева мен Алмазбек Атамбаевта бар. Асқар Акаев пен Құрманбек Бакиев революциядан кейін мұндай мәртебен айырылған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2154
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2561
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2417
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1663