Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2721 0 пікір 4 Сәуір, 2011 сағат 03:40

Түрмеге 10 келі марихуана тасу әрекетінің жолы кесілді

АСТАНА. 4  сәуір.  ҚазАқпарат  /Ғалымжан  Хасенов/ - Қылмыстық-атқару жүйесі  қызметкерлері  қырағылығының арқасында,  3 сәуір күні   Қарағанды  облысындағы   түзету мекемесінің аумағына  10 келідей марихуана жеткізу   әрекетінің  жолы кесілді.

Бұл туралы   пенитенциарлық  жүйенің баспасөз қызметінен  хабарлады.

Түрме   қызметкерлері     ішкі    әскер  қызметкерлерімен   бірлесіп,     есірткі  тасымалдаушыны   ұстады.   Қарағанды  облысының  тұрғыны, 35 жастағы  азаматты  тінту кезінде      ішіне есірткі  заты салынған үш түйіншек  тәркіленді.

Осының алдында   Павлодардағы қатар режимдегі колонияда да есірткі тасу әрекетінің  жолы кесілді.  Сотталушыға   жіберілген   сәлемдемедегі карамель кәмпиттердің  ішінен    полиэтилен капсулаларына  салынған  героин заты  тәркіленді.  Ал Қарағанды  облысының Көксу кентіндегі  әйелдер  колониясында  сотталушыға   әкелінген  сәлем-сауқаттағы  көк пияздың ішінен   100 грамдай  героин  салынған   үш  түйіншек  табылған

Аталған  фактілер  бойынша     тергеу амалдары  жүріп жатыр.

2011  жылдың бірінші  тоқсанында   режимдік  нысандарға   есірткі    заттарын тасу әрекетінің 79  фактінің  жолы кесілді, деп хабарлады Қылмыстық-атқару  жүйесі комитетінен.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2118
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2231
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1632