Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3411 0 пікір 4 Сәуір, 2011 сағат 03:39

Бүгін - Веб-бағдарламашылар күні

АСТАНА.  4 сәуір.  ҚазАқпарат -  Сәуірдің 4-і - Веб - бағдарламашылар күні болып есептеледі.

Қарапайым адам «Бағдарламалау» және оған байланысты сөздердің барлығын көбінесе дербес компьютермен ғана байланыстырады, алайда бұл қате. Кез келген электрондық құрылғы - қашықтан басқару пультінен бастап бағдарламамен басқарылатын күрделі өндірістік станоктарға дейін бағдарламалау мамандары қолынан өтеді.

Біз бағдарламашылардың жасаған еңбек жемістерімен сағат сайын кездесеміз. Теледидар көреміз, радио тыңдаймыз, телефонмен сөйлесеміз - осының бәрі бағдарламашының жұмысы. Бірде-бір мамандық біздің өміріміздің барлық саласын қамтымайды.

Бұл мереке тұтасымен виртуалды болғандықтан, біздердің атақты бағдарламашыларымыздың еңбектері көз алдарыңызда  бола бермек. Бағдарламашы мамандығының маңызын күнделікті өмірде бағаламау өте қиын. Бұл қызмет түрі бұқаралыққа айналып келеді, сондай-ақ қазіргі қоғамның жаңалығын білдіреді.

Дегенмен, бағдарламашылар күнін әр жерде әртүрлі күндері тойлайды.

  • 19 шілде - алғашқы бағдарламаны жасаған күн. Оны алғашқы бағдарламашы және Джордж Байронның қызы Август Ада Лавлейс жазды. Бағдарлама ағылшын математигі Чарльз Бэббидждің аналитикалық машинасында Бернулли санын есептеуге арналған болатын.
  • 10 желтоқсан - Ада Лавлейстің (1815 г.) туған күні, 1980 жылдың 10 желтоқсанында бекітілген алғашқы әмбебап Ada алгоритмдік бағдарламалау тілі осы Аданың құрметіне аталды.
  • 4 сәуір - Веб- бағдарламашылар күні.
  • 26 шілде - компьютерлік вирусты жасаған адамға кінә тағылған күн. 1989 жылы осы күні компьютер құртын жасаған және енгізген студент Роберт Морристке қылмыстық іс қозғалды.

Компьютер мамандары сондай-ақ, жылдың 256-шы күні  де өздерінің төл мерекелерін атап өтеді. 256 (екінің елу сегізінші дәрежесі) санының таңдалған себебі - бұл бір байттың көмегімен көрсететін сан болып табылады. Кібісе жылдары бұл мейрам 12 қыркүйекке келеді, ал кібісе емес жылдары 13 қыркүйекке келеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2237
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1635