Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2692 0 пікір 4 Сәуір, 2011 сағат 03:16

Түркияның Невшехир қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы көше ашылды

ЫСТАМБҰЛ.  4 сәуір. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/ - Үстіміздегі жылдың 3 сәуірінде көркемдігімен әйгілі туристік Кападокия аймағында орналасқан Невшехир қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы көшенің ашылу салтанаты өтті.

Невшехир орталығындағы ең үлкен көшеге Н.Назарбаевтың атын беру қалалық мәслихаттың шешімімен қабылданды.

Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы елшісі Ж.Түймебаев, Невшехир губернаторы А.Саваш, қала мэрі Х.Унвер, Түркия мемлекеттік органдарының, қоғамдық-саяси, ғылыми-академиялық және іскер топтарының, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Рәсімнің ашылуында губернатор А.Саваш пен қала мэрі Х.Унвер Н.Назарбаевтың басшылығындағы бауырлас Қазақстанның қарқынды дамуы мен жетістіктеріне орай қуаныштарын жеткізді. Президент Н.Назарбаевтың қазақ-түрік қатынастарының және түркі әлемінің нығаюы мен дамуына сіңірген ерен еңбегі атап өтілді. Сондай-ақ Невшехир қаласының орталығындағы ең үлкен көшеге жалпы жұртқа беделді, түркі әлемі көшбасшысы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың есімін беру Невшехир үшін жоғары мәртебе екендігі атап өтілді және Түркияда Н.Назарбаев атымен аталған алғашқы көше болып табылатынына көңіл аударылды.

Елші Ж.Түймебаев Қазақстан Тәуелсіздігінің және қазақстан-түрік қатынастарының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында қабылданған осы маңызды шешімге, сондай-ақ Түркия халқының Қазақстан Президентінің қажырлы еңбегін лайықты бағалап, Қазақстан халқына көрсеткен терең құрметі үшін өзінің зор алғысын білдірді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2234
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1634