Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2432 0 пікір 2 Сәуір, 2011 сағат 06:01

ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Польша Республикасы байқаушылар делегациясының өкілдерімен кездесті

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -  Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Польша Республикасы байқаушылар делегациясының өкілдерімен кездесті.

ОСК төрағасы жүздесуде «Польша-Шығыс» ынтымақтастық ассоциациясының вице-төрағасы Иозеф Брылль мен саясаттану ғылымының докторы, Варшава университетінің профессоры Анджей Вержбицкий мырзаларды кезектен тыс Президент сайлауына әзірлік барысымен таныстырды. Сондай-ақ Қ.Тұрғанқұлов меймандарға Президенттікке кандидаттардың сайлауалды үгіт науқаны, сайлау органдарын қалыптастыру тәртібі, сайлауды ұйымдастырушылардың дауыс беру күнгі қызметтері жөнінде де әңгіме қозғады.

Польша делегациясының өкілдері, өз кезегінде, кезектен тыс Президент сайлауын бақылауға берілген мүмкіндік үшін ризашылықтарын білдірді және республика астанасындағы өздері болған жекелеген сайлау учаскелерінен алған әсерлерімен бөлісті.

«Біз Астана қаласының екі сайлау учаскесінде болдық. Комиссия мүшелері сайлауды әзірлеудің барлық сұрақтарына үлкен жауапкершілікпен және кәсіби тұрғыдан қарайтынын көрдік. Демократиялық рәсімдер сақталған. Сайлау учаскелері дауыс беру шарасын еш кедергісіз байқау үшін  барлық мүмкіндіктерді жасаған.  Учаскелердің дайындығы бізге жақсы әсер қалдырды», - деп атап өтті Иозеф Брылль мырза.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2238
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636