Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2480 0 пікір 2 Сәуір, 2011 сағат 05:59

Кезектен тыс Президент сайлауына 1 күн қалды

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ -  Бүгін түнде 3 сәуірге тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауына қатысатын кандидаттардың үгіт-насихат науқаны аяқталды. Бүгін кандидаттарға да, оларды қолдаушы азаматтарға да қандай да бір үгіт жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

Ал кезектен тыс Президент сайлауына небәрі 1 күн ғана қалды. Ертең таң ата сағат 7-00-ден бастап Қазақстан азаматтары өздері қалаған кандидатқа дауыс бере бастайды. Орталық сайлау комиссиясының өкілдері елдегі барлық сайлау учаскелерінің дауыс беру күніне дайын екендігін мәлімдеп отыр. Сайлау учаскелері дауыс беруге 1 сағат қалған уақытта байқаушылардың қатысуымен ашылады.

Орталық сайлау комиссиясы өкілдерінің мәліметтерінше, елдегі сайлау учаскелерінде «дауыс беруге алғаш келген азаматқа»  деген сияқты нәтижелер бойынша арнайы сыйлықтар да берілуі мүмкін. Алайда бұл шара Орталық айлау комиссиясы өкілдерінің нұсқауымен емес, жергілікті атқарушы органдардың және сайлау комиссияларының жеке бастамасымен қолға алынып отырған шара. Сондықтан әр сайлау уаскелері мұндай шараларды өз мүмкіндіктеріне, қаржылық жағдайларына байланысты жүзеге асырады.

Ал Орталық сайлау комиссиясының өкілдері бүгін журналистермен бірнеше брифинг өткізуді жоспарлап отыр. Оның барысында үгіт-насихат науқанының қалай өткендігі жөнінде және дауыс беру күніне дайындық шараларына байланысты мәліметтер жариялануы ықтимал.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2530
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2250
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637