Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2808 0 пікір 1 Сәуір, 2011 сағат 12:36

«Әуезовтың кітабы имансыздыққа құрылған ғой...»

Сурет navin-n.livejournal.com сайтынан алынды

Алып даламыздың қай түкпіріне барсаңыз да барша жұртты жедел ақпарат, ұлттық музыка, танымдық бағдарламаларымен сусындатып отырған «Қазақ радиосы» алдыңнан шығады. Шуы мен дуы дамылдамайтын үлкен шаһарда қолың қалт ете қалғанда радиоға құлақ түресің. Сол әдетімізбен таңертеңгілік жұмысқа келе жатып, машина ішінде «Қазақ радиосының» тікелей эфирінде «Иман шуақ» бағдарламасының «Ата-анаға құрмет» деген тақырыптағы кезекті санын тыңдап келе жатқанбыз. Бағдарламаның қонағы болып отырған Алматы қаласы, Тастақ мешітінің бас имамы Кенжеәлі қажы Мырзабайға өзін Астана тұрғынымын деп таныстырған (даусына қарағанда кәртең адам ба деп қалдық) тыңдарман хабарласып, сұрақ қойды. Сұрақ сұрапыл. Жағамызды ұстадық. Бұл сауал қоғамдағы діни ахуалдың әбден ширыққан шегіне жеткенін тағы бір рет айғақтады.

Сауалды сөзбе-сөз және үнтаспасымен қосып ұсынып отырмыз. Таспаның сапасы нашар болу мүмкін. Себебі, радиоқабылдағыштан диктофонға жазылып алынғанын ескертеміз.

- Мынау Алматыдағы, Тастақтағы мешіт жақсы мешіт қой, немерелеріміз барады. Мен енді астаналықпын. Астанадан хабарласып отырмын. Бірінші сұрақ: мына шөбереміз үш жастан бастап намаз оқып жүр міне, бес-алтыға кеп қалды. Мектепте оқитын ұлдарымыз, қыздарымыз намаз оқып жүр. Енді сұрақ, қашан осы бағымыздың ішінде мешітхана, мектебіміздің ішінде мешітхана болады. Бұл бірінші сұрақ.

Екінші сұрақ. Әкені құрметтеу деп жақсы тақырып қойып отырсыңдар. Совет өкіметінің кезінде Абайды Құнанбайға қарсы қойып сондай тексіздік, адамды таптайтын кітап өте көп еді. Сол әлі жоғалған жоқ. Ол қашан жоғалады?

Сосын мынау Мұхтар Әуезовтердің кітаптарының бәрі имансыздыққа құрылған ғой. Енді қажы аталарымыз көп. Осыған сіздер әсер ете аласыздар ма? Бұл екінші сұрағым.

Үшінші сұрағым, Астанада да, Алматыда да өзіміздің балдарымыз, әкелеріміз, аталарымыз коньяк, пепси-кола, водка, темекі осындайларға миллиардтап ақша бөліп жатыр. Мемлекет те, адамдар да. Осыған қашан тыйым болады?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2245
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637