Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2804 0 пікір 1 Сәуір, 2011 сағат 07:26

Кезектен тыс Президент сайлауында дауыс берген азаматтарға сый-сыяпаттар көрсетілуі мүмкін - ОСК хатшысы

АСТАНА. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Кезектен тыс Президент сайлауына дауыс беруге келген азаматтарға аумақтық сайлау комиссиялары тарапынан ынталандыру сыйлықтары берілуі мүмкін. Бірақ бұл тікелей Орталық сайлау комиссиясының нұсқауымен жүзеге асырылып отырған шара емес»,-дейді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов бүгін журналистерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, кезектен тыс Президент сайлауына дауыс беру күні аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері,  сайлау учаскесіне ең алғаш келген немесе Президент сайлауында алғаш рет дауыс беріп отырған азаматқа деген сияқты жетістіктері бойынша түрлі сый-сыяпаттар жасауы мүмкін. «Меніңше бұл қолдауға тұрарлық шара. Әрине, сыйлықтың қандай және қаншалықты мөлшерде болатыны жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктеріне байланысты. Бұл ретте оларға белгілі бір нұсқау жоқ. Сый-сыйяпаттарды ұйымдастырмаса да болады. Өйткені мұндай шаралар қаражатқа байланысты мәселе. Дегенмен сый-сыяпат ұйымдастыру жағын қолға алып жатқан сайлау учаскелерінің бар екендігі рас»,-дейді ОСК хатшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2530
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2252
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637