Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3131 0 пікір 1 Сәуір, 2011 сағат 07:17

Қызылорда прокуратурасы кәсіпкердің құқығын қорғады

ҚЫЗЫЛОРДА. 1 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында жүргізген тексеруі барысында заң бұзушылықтарға жол берілгендігін анықтады, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитеті Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторы Е.Кәрімов Жалағаш кентіндегі жеке кәсіпкер Б.Берхатованың «Қаракөз» азық-түлік дүкені қызметіне жоспарлы тексеру жүргізу жөнінде 2011 жылғы 26 қаңтарда жазбаша түрде хабарлама табыстап, 22 ақпанда жазбаша хабарламаның берілгеніне күнтізбелік 30 күн толмаса да, тексеру тағайындау туралы актіні уәкілетті органға тіркеуге ұсынып, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзған.

Осыған байланысты Жалағаш аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторы Е.Кәрімовке қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 153-бабының 1-бөлігінің 3-тармағымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, ол аудандық сотта қаралды. Нәтижесінде соттың қаулысымен құқық бұзушыға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 68-бабы негізінде ауызша ескерту жасалды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2233
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1634