Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3772 11 пікір 28 Қыркүйек, 2018 сағат 13:22

Зырян ауданы мен қаласының аты Алтай деп өзгертілді

Шығыс Қазақстанның Зырян ауданы мен қаласын Алтай деп атау ұсынысын аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті қоғамдық ұйым мүшелері бірауыздан қолдады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл мәселе жөнінде 25-қыркүйек күні Abai.kz порталы “Зырян ауданының атын Алтай деп өзгертілуіне қолдау білдірейік...” деп мақала жазған болатын.  Ол әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, мыңға жуық адам қолдап, бөліскен.

Ал, бүгін қалалық мәдениет үйінде  Аудандық мәслихат депутаттары жаңа атауды бір ауыздан қолдап, дауыс берген. Сөйтіп, бір сағатқа созылған жиында қоғамдық кеңес өкілдері бір тоқтамға келіп, шаһар атын "Алтай" деп ауыстыру қажет деген шешім қабылдап, тұрақты кеңес мүшелері де бұл ұсынысты бірауыздан қолдаған.

Ал, біз осы қуанышпен бөлісуді жөн көрдік!

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар