Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3756 3 пікір 28 Қыркүйек, 2018 сағат 10:30

Қырғызстандық депутат Қазақстан мен Өзбекстанға суды сатуды ұсынды

Жогорку Кеңеш депутаты Кенжебек Бокоев қырғыз үкіметінің назарын елдегі су қоймаларына аудартып, көрші республикаларға суды сатуды ұсынды.

«Талас облысындағы Киров су қоймасында 2 мың гектар жер су астында қалды. Су қойманың 90 пайыз ылғалын Қазақстан мен Өзбекстан тегін пайдаланып келеді. Үкімет олардан ақша алу мәселесін қарастыру керек», - деді Бокоев.

Депутаттың сөзінше, Талас өңірінің егін жеткілікті суарылмағандықтан, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы төмендеп кеткен. Ол үрмебұршақ бағасы 30-35 сом (0,5 доллар), ал қараөрік 7-10 сом тұрады дейді.

Талас облысындағы Киров су қоймасы 1975 жылы Манас және Кара-Буура аудандарының ортасында салынған. Оған 550 млн текшеметр су сыйады. Қырғызстан оның тек 12 пайызын ғана пайдаланады. Қалған бөлігін келісім бойынша Қазақстан пайдаланады.

Қазақстан суды пайдаланғаны үшін жыл сайын су қоймасына 70 млн теңге (194 мың доллар) бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Бірақ қырғыз тарапы бұл қаржы жеткіліксіз деп отыр.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар