Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
4874 0 пікір 27 Қыркүйек, 2018 сағат 12:04

Рахимов пен Қонақбаев AIBA президенті қызметіне ұсынылды

Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті қызметін атқарушы Гафур Рахимов пен ұйымның вице-президенті Серік Қонақбаев AIBA президенті қызметіне ұсынылды. Бұл туралы ТАСС агенттігі Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Умар Кремлевке сілтеме жасап хабарлады.

AIBA президенттігіне өтініш беру 23 қыркүйекте аяқталған. AIBA басшысын сайлайтын конгрес 2-3 қараша күндері Мәскеуде өтпек.

Совет кезеңіндегі боксшы, Қазақстан парламенті мәжілісінің бұрынғы депутаты Серік Қонақбаев 1980 жылы Мәскеуде өткен олимпиада ойындарының және 1982 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері атанған. Ол әлем кубогын екі рет (1979 және 1981 жылы) жеңіп алған.

Гафур Рахимов 2018 жылдың шілдесіне дейін Өзбекстан Ішкі істер министрлігінің іздеуінде жүрген.

Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті Рахимов бокстың олимпиада бағдарламасында қала беруіне ықпал етуі мүмкін деп, оған өз кандидатурасын ұсынбауға шақырған. АҚШ Қаржы министрлігінің шетелдік активтерді қадағалау департаменті Рахимовті Өзбекстандағы ең үлкен қылмыскерлердің бірі ретінде санкция тізіміне енгізген. Қаржы министрлігі сонымен қатар Рахимовтің АҚШ долларымен кез-келген қаржы операциясын жасауына тыйым салған.

Abai.kz

0 пікір