Жексенбі, 5 Мамыр 2024
3487 11 пікір 27 Қыркүйек, 2018 сағат 10:27

Елбасы Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжановты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғабит Байжановты қабылдады, деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет Басшысы Қауіпсіздік кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіруді жүзеге асыратын арнайы орган екенін атап өтті.

– Қауіпсіздік кеңесі туралы жаңа заң Кеңестің өкілеттігін мейлінше кеңейтеді. Осыған байланысты нормативтік құқықтық базаны, соның ішінде құқық қорғау және арнайы қызмет органдарының жұмысын реттейтін құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеу қажет, – деді Қазақстан Президенті.

Ғ.Байжанов Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізуге дайындық барысы жөнінде мәлімдеді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің алдағы жұмыстары жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1282
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1166
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 906
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1032