Сенбі, 18 Мамыр 2024
2345 0 пікір 19 Қыркүйек, 2018 сағат 23:51

Құқықтық кеңес. Пәтерді жалға бергенде салықты қалай үнемдеуге болады?

Пәтер иелері мүлкін жалға берген кезде патенті болса, салық төлегенде үнемдей алады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінде өткен брифингте журналистерге айтылды. Бұл туралы Abai.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Жылжымайтын мүлікті жалға беруге жеке кәсіпкерлер де, жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалар да құқылы. Осы қызмет түрі үшін ең қолайлы режим патент негізіндегі арнаулы салық режимі болып табылады, себебі салық ставкасы 1%-ды құрайды.

Патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін келесі шарттарға сай болу керек — жалдамалы еңбекті пайдаланбау және күнтізбелік жыл бойынша түпкілікті кіріс 300 еселенген ең төменгі жалақыдан аспау қажет (2018 жылы 8 485 200 теңге).

«Егер жеке тұлға ЖК ретінде тіркелген болса, патент негізінде арнайы салық режимі белгіленеді. Бұл режимде салық болжанатын пайданы негізге ала отырып, үш ай, жарты жыл немесе жыл аралығымен алдын ала төленеді. Патентті ұзартуға болады. Патент негізінде салық режимінің мөлшерлемесі 2018 жылдан бастап 2%-дан 1%-ға дейін төмендетілді. Бұл режим жалға берушілер үшін ең белгілісі», — ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Камералдық мониторинг басқармасының басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ербол Әмірханов.

Мысалы пәтерді 100 мың теңгеге тапсырсаңыз, онда салық айына тек 1000 теңгені, жылына 12 мың теңгені құрайды, бұл әкімшілік құқық бұзушылық айыппұлынан үш есе аз.

«Егер де сіз белгіленген мерзімде салық есептілігін тапсырмасаңыз, сізге бірінші рет «ескерту» түрінде өндіріп алу шарасы қолданылады, құқықты қайта бұзсаңыз әкімшілік айыппұл 36 075 теңгені (15 АЕК) құрайды», — деді Ербол Әмірханов.

Сондай-ақ осы кәсіп түрінде салық төлеудің басқа да түрлері бар.

«Мүлікті жалға беруден түскен табыстар бойынша жеке тұлға өзі күнтізбелік жыл нәтижесі бойынша орналасқан жеріндегі салық органына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей 24000 нысан бойынша салық декларациясын табыс етеді және декларацияны тапсыру мерзімінен кейін 10 күнтізбелік күнінен кешіктірмей алған табыс сомасынан 10% ставкасымен жеке табыс салығын төлеуге міндетті», — деді ол.

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу үшін «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электронды түрде немесе қағаз жеткізгіште өзі келу тәртібінде дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталуы жайлы хабарламаны ұсыну қажет.

Комитеттің мәліметінше пәтерлерін жалға заңды түрде беріп жатқандардың салығы бойынша өткен жылы бюджетке 207 миллион теңге түскен. Ал осы жылдың 6 айының ішінде осындай салықтан 110 миллион теңге мемлекет қазынасына келген.

Болжам бойынша жыл соңына дейін жалға берілген жылжымайтын мүліктердің салықтарынан 230 миллион теңге түсетін болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2548
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2343
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1654