Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
6322 5 пікір 25 Қыркүйек, 2018 сағат 14:56

«Адырна» журналы әдеби шығармалар бәйгесін жариялайды!

«Адырна» әдеби-көркем, көпшілік журналы өзінің тұңғыш саны шыға бастағанына екі жыл толуына орай әдеби шығармалар бәйгесін жариялайды.

Байқауға қазақтың барлық қаламгерлері мен әдебиетке талпынып жүрген жастары түгел қатыса алады.

Бәйгенің адал мұраты — ұлттық әдебиетіміздің күні бүгінгі ең озық шығармаларын, ең дарынды қаламгерлерін анықтау және ұлықтау, қазіргі әдебиеттің дамуына, көркейе түсуіне демеу болып, әдебиеттегі қазіргі оң өзгерістерді, жаңа, жасампаз бағыттарды мейлінше қолдау, қазақ әдебиетінің қоғамдағы ізгі әсерлерін нығайтуға сеп болу, қазақ көркем ойының еңсесін биіктету, жаңарып жатқан қазақы ұлттық ой-сананың, шынайы рухани түлеудің күшейе түсуіне үлес қосу.

Бәйгенің жүлде қоры — 3 000 000 (үш миллион) теңге. Бас жүлде — 2 000 000 теңге, арнаулы сыйлық. Бірінші жүлде — 1 000 000 теңге, арнаулы сыйлық. Екінші жүлде — 500 000 теңге. Үшінші жүлде — 300 000 теңге. Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) — 100 000 теңгеден.

Бәйге номинациялары:

1.Үздік өлеңдер топтамасы, поэма.

2.Үздік әңгіме, хикаят, роман.

3.Үздік әдеби сын, эссе.

4.Үздік драма.

Бәйге 2018 жылғы қазан айының 1-нен 2019 жылдың 15-наурызына дейін өткізіледі. Марапаттау рәсімі 2019 жылдың 20-сы наурызы күні Ақтөбе қаласында өткізіледі.

Бәйгеге қатысушылар биылғы қазан айының 1-нен бастап шығармаларының электронды нұсқасын «Адырна» журналының электронды поштасына (adyrna2016@gmail.com) жібереді. Көркемдікке қойылатын шарттармен қатар редакцияның тағы бір шарты — редакцияға автордың «Адырна» журналына 2019 жылға толық жазылғандығын растайтын, почта белгісі соғылған түбіртекті қоса жолдау (эл. нұсқасы мен түпнұсқа көшірмесі) керек. Онсыз шығарма бәйгеге жіберілмейді.

Аbai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1529
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1392
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1140
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1157