Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3161 0 пікір 29 Наурыз, 2011 сағат 09:56

Нұра Матай. «Коммунизмнің өлгенін бәрі айтады. Бірақ оның табытын көрген ешкім жоқ»

Эстондар құлдық санадан құтылу жолын жалғастырып жатыр. Эстониядағы оңшыл партияның жастар қанаты оқушылар мен студенттер арасында «Коммунизм фашизммен бірдей ме?», «Коммунизмнің өлгенін бәрі айтады. Бірақ оның табытын көрген ешкім жоқ» деген екі тақырыпта эссе жазуға конкурс жариялаған. Ұйымдастырушылар конкурстың мақсаты авторитарлық режимдердің қылмысын әшкерелей отырып, баға беру екенін айтыпты. Ең тәуір эссе жазған екі адамға Брюсселге тегін барып қайтуға жолдама береді екен.

Жалпақ жұрт білетіндей болшевиктердің совет өкіметіне Эстония ғана емес, бізде бодан болғанбыз. Бірақ дәл біздей Тәуелсіздік алған Эстониямен айырмамыз көп. Эстондар қай-қайдағыны қоздырып, еске түсіріп отыр.

Әуелі біздің елде құлдық санадан құтылуға қадам жасау түгілі талпыныс, талпынысты қойып ынтаның өзі өңіміз түгіл түсімізге кірмеген нәрсе. Керісінше, советтердің кезіндегі саяси әдіс-тәсілдердің өңі өзгеріп Тәуелсіздік заманында да тәп-тәуір кәдеге жарайтынына бұрынғы коммунистердің көзі жетіп, қуанып қалды. Қоғам тарапынан құлдық психологияны санадан сылып тастау керек делінетін бастамалар сөз арасында айтылды. Бірақ, артына түскен жан болмады. Сөйтіп, бәз-баяғы ұлттар достығы жарасқан, жұмақ орнап, езуінен ақ май аққан ел екенімізге тағыда еріксіз сеніп, семіріп қарыштап кетіп барамыз.

Тәуелсіздіктің жиырма жылдығын тойлағалы отырған Қазақстан алда-жалда советтің бодандығынан арылу жөнінде ТМД елдері арасындағы есепке қатысатын болса, қандай көрсеткішке қол жеткізетінін көзге елестету қиын. Өйткені, құлдықтан құтылудан гөрі оның өзіміз қолдан жасаған жаңа түрі өміршең екеніне сеніміміз кәмілдене бастады. Ұлттар достығы, тыныштық пен бейбітшілік ұранын ұстаған ресми тілдік бодандықты бас қатырар мәселе емес деп қараған күннің өзінде тұтас мемлекеттік қауіпсіздіктің негізгі бірі саласы - ақпараттық қауіпсіздікті алсақ, осыдан жиырма жыл бұрын өзіміз екі дүниеде көрмейміз деп азаттық алып шыққан отарлаушы тіл төрімізде таңдайы тақылдап тұр.

Ақыры бастадық. Бас жаққа бір соғып қайтпасақ ас батпас. Жиырма жылдың жүзіне айналып барады. Содан бері орын ауыстырып қана отыратын биліктің бишігін үйірген мырзалар мен ханымдардың дені Мәскеуде оқығандар болып келеді. Ана бір жылы комсомолдың 90 жылдығын дүркіретін тойлап жүрген ағайлар мен апайлардың Тәуелсіз Қазақстанның ресми билігіндегі лауазымды адамдар екенін бұқарасы бек біледі. Бұны қызыл шеке болып дәлелдеп жатудың керегі шамалы шығар. Комсомолдарда - коммунистер.

Айтпақшы, бір қызығы, президент сайлауына түсіп жатқан бір ғана коммунист емес сияқты. Егер төрт кандидаттың өмірбаянына зер салсаңыз, төртеуі де кешегі күркіреген коммунистер. Тіпті, партиялық билетін Жамбыл Ахметбеков қана сақтап жүрмеген болса ше... «Мәссаған, біз алдандықтың» көкесін сонда көресіз.

Шиырып келгенде Эстонияның оңшыл партиясының жастар қанатының эссеге ұсынған «Коммунизмнің өлгенін бәрі айтады. Бірақ оның табытын көрген ешкім жоқ» деген  екінші тақырыбымен үзілді-кесілді келісе алмаймыз. Себебі, Қазақстанда коммунистер президенттік сайлауға түсіп жатыр!

Осы шағын мақаланы жазу барысында Эстонияның оңшыл партиясының жастар қанаты деген кезде «Жас Отан»  жастар қанаты және оның бір кездегі белсендісі Танирберген Бердионгаров қайта-қайта есімізге түсе берді. О несі екен?

«Абай-ақпарат»

0 пікір