Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3370 0 пікір 29 Наурыз, 2011 сағат 03:40

Елбасы жақтастары Тасқала ауданында да бас қосты

ОРАЛ. 29 наурыз. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 28 наурызда Тасқала аудандық мәдениет үйінде жиын болып, онда Сенат депутаты Қуаныш Сұлтанов, Мәжіліс депутаттары Бекболат Тілеухан мен Алдан Смайыл, олимпиада чемпионы Ермахан Ибрайымов, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, ауған ардагерлері ассоциациясының төрағасы Бақытбек Смағұл жиналғандарды алдағы сайлауда Елбасы кандидатурасын қолдауға шақырды.

Алдымен сөз алған Қуаныш Сұлтанов: -Халық - биліктің қайнар көзі. Кез келген азамат сайлау арқылы мемлекет құрылымына қатыса алады. Қоғамның даму тарихында    «қазақстандық жол» атты феномен қалыптасты. Біздің елдің даму қарқыны берісі ТМД елдеріне, әрісі Азия құрлығына үлгі боларлықтай.  Жиырма жылда біз бағындырған асулар аз емес. Ең бастысы, іргеміз мықты, мақсатымыз айқын, - деді.

Бұдан кейін сөз алған жазушы Алдан Смайыл өз сөзін осы өлкенің тумасы Доспамбеттің жырымен өрбітті. Бүгініне сенімді, ертеңіне алаңы жоқ елміз, - дей келіп, алдағы науқанда да ел бірлігін танытып, бір кісідей дауыс беруге шақырды.  Алдан Смайылдың қалған сапарластары да осы тақырыпты қаузай түсті.

Мінбеден көрінген ауыл ардагері Ғалым Хисаметдинов пен «Тасқала-дән» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Әлібек Сәрсенбаев қонақтарға «қош келдің» айтып, тасқалалықтардың сайлауға белсенді қатысатындықтарына сендірді.

Белгілі әнші Бекболат Тілеухан өз сөзін әнмен түйіндеп, ел рухын бір көтеріп тастады.

0 пікір