Сенбі, 18 Мамыр 2024
2918 3 пікір 20 Қыркүйек, 2018 сағат 12:04

Солтүстік Корея бас ядролық кешенін бұзады

Оңтүстік және Солтүстік Корея басшылары кездесуінің екінші күні, 19 қыркүйекте бірнеше келісім қабылданды. Атап айтқанда, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын елдегі бас ядролық кешенді "мәңгілікке бұзып тастауға" уәде берді. Оған шетел сарапшылары қатысады.

Бірақ, ол үшін АҚШ өз уәделерін орындауы тиіс. Бұған дейін АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары бірқатар келісімге қол жеткізген еді.

"Біз Корей түбегін ядролық қарудан ада бейбіт мекенге айналдыруға келістік", - деп мәлімдеді Ким.

Бұл кездесулерге қатысты пікір білдірген АҚШ президенті Дональд Трамп қабылданған шешімдерді оң бағалаған.

Екі Корея басшыларының үшінші саммитінің қорытындысы бойынша бірқатар келісімдер қабылданды. Екі ел арасындағы шекарада буфер аймақтар құрылады. 11 желтоқсанға дейін мұнда күзет бекеттері жабылады.

Солтүстік және Оңтүстік Корея жазғы Олимпиада ойындарын бірге өткізуге өтініш береді. Дегенмен, мемлекет басшыларының кездесуінде Солтүстік Кореядағы адам құқығы жағдайы туралы ештеңе айтылмады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2346
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1655