Сенбі, 18 Мамыр 2024
5755 39 пікір 20 Қыркүйек, 2018 сағат 10:21

Мемлекет басшысы бірқатар кадрлық өзгерістер жасады

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ғабит Жақыпбайұлы Байжанов ҚР Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, ол бұған дейін ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры қызметін атқарған.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов ҚР Президентінің көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарудан босатылды.

ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары Исатай Бақтиярұлы Сартаевқа ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директоры міндетін уақытша атқару жүктелді.

Сондай-ақ, Күзембек Станбайұлы Әденовтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Жанат Қуандықұлы Шаймерденов ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Abai.kz

 

 

39 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2349
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1656