Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3151 0 пікір 20 Қыркүйек, 2018 сағат 09:35

Қазақстан Алматы әуежайында қырғыз азаматтарын тексеруді күшейту себебін талқылаған

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мен Шекара қызметі Қырғызстанның нотасына байланысты Алматы әуежайында қырғыз азаматтарына тексеруді күшейту себебін талқылаған.

Бұл жайында Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Кәрім Көкірекбаев 19 қыркүйекте қырғыз сыртқы істер министрі Ерлан Абдылдаевпен кездескен кезде айтқан. Ол сонымен бірге Қырғызстанға Қазақстан нотасын берген. Бірақ мәтін мазмұны әзірге жарияланбады.

4 қыркүйекте қазақ елшісі Қырғызстанның сыртқы істер министрлігіне шақырылып, Алматы әуежайында қырғыз азаматтары жүйелі түрде қатаң тексерілетіні айтылып, наразылық нотасы жолданған.

«Кездесу барысында қырғыз тарабы Қазақстанның құзырлы органдарының іс-әрекетіне алаңдаушылық білдіретінін қайтара жеткізді. Қазақстан елшісіне тиісті нота берілді», - деген болатын Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің өкілі.

Дәл осындай наразылық нотасын Қырғызстан тарабы биыл мамыр айында да жолдаған. Сол кезде Қазақстан қырғыз азаматтарының арасынан халықаралық террористік ұйымға қатысы бар адамдар анықталды деп жауап берген.

Қырғыз азаматтары билік өкілдеріне Қазақстанның арнайы қызметі әртүрлі себептермен әуежайда қатаң тексеріп, мобилді құрылғылардың IMEI-кодтарын жазып алады деп шағымданған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661