Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2525 0 пікір 28 Наурыз, 2011 сағат 03:36

Лилль университетімен екіжақты меморандумға қол қойылады

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Лилль 1 (Франция) университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басшысы Фпансуа Оливье мырзамен екіжақты меморандумға қол қояды деп жоспарланып отыр,деп хабарлады университеттің баспасөз орталығы.

Лилльдік ғылыми-технологиялық университет (Лилль 1) Францияның Норд де Кале ауданындағы мемлекеттік университеттердің алғашқы алтылығы құрамына кіреді.

Лилль 1 - Францияның солтүстігіндегі басты ғылыми орталық. Бұл оқу орны студенттерге мынадай таңдау ауқымы кең мамандықтарды ұсынады: ғылым және техникалық, инженерлік, гуманитарлық және әлеуметтік ғылыми, экономика және басқару.  Университетте үлкен ғалымдар шоғыры топтасқан және ғылыми-әдістемелік жұмыспен айналысушыларға теңдессіз мүмкіндіктер бар. Университетте 40 әдістемелік орталық жұмыс жасайды.

Лилль 1 университеті QS WUR 2010 рейтингінде 346-орынды иеленеді.

Университетте 20 000 студент білім алады, оның ішіндегі 20%-ы шетел студенттері.

«Лев Гумилев атындағы ЕҰУ мен Лилльдік ғылыми-технологиялық университет арасындағы екіжақты келісім білім және ғылым саласындағы ғасырлық өркендеудің көрінісі болмақ», - деп атап өтті баспасөз орталығы.

0 пікір

Үздік материалдар