Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
2594 0 пікір 18 Қыркүйек, 2018 сағат 09:53

ХОК Гафур Рахимовты AIBA басшылығына кандидатурасын ұсынбауға шақырды

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Халықаралық бокс ассоциациясы (AIBA) президентінің міндетін атқарушы, өзбекстандық Гафур Рахимовты ұйым басшылығына кандидатурасын ұсынбауға шақырды. Бұл Олимпиада ойындары бағдарламасына боксты сақтап қалуға қауіп туғызады дейді. Бұл жөнінде ТАСС Inside the games порталына сілтеме жасап хабарлайды.

ХОК-тың этика бойынша директоры Пакеретт Жирар Запелли тиісті хатты Рахимовқа жіберген. Онда Рахимовтың AIBA президенттігіне ұсынылуы 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына бокс бағдарламасын алып тастау қаупін туғызады делінген. Себебі Рахимов қылмыстық әлеммен байланысы бар деген күдікке ілінген.

Осының алдында АҚШ қаржы министрлігінің шетелдік активтерді бақылау департаменті Рахимовты санкциялық тізімге енгізген. Сонымен бірге Рахимовқа доллармен кез-келген қаржы операциясын жүргізуге тыйым салынған.

AIBA президенттігіне сайлау Мәскеуде, 3 қарашада өтеді. Inside the games порталының хабарлауынша, Бокстан Азия конфедерациясының президенті, қазақстандық Серік Қонақбаев да AIBA басшылығына кандидатурасын ұсынбақ.

ХОҚ бүгінде 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарына бокс бағдарламасын сақтап қалу мәселесін талқылап жатыр. ХОҚ қазіргі таңда AIBA-ны басқару, қаржыландыру және антидопингке қатысты мәселесін зерттеп жатыр. AIBA-ның бұрынғы басшысы Чинг Куо Ву отставкаға кеткен, оның міндетін Рахимов атқарып жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар