Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
3197 2 пікір 17 Қыркүйек, 2018 сағат 11:45

Президентке шағымданған имамды өзбек мүфтиі екіжүзді деп атады

Өзбекстан бас мүфтиі Усманхан Алимов жиналыс кезінде елде мұсылмандардың құқықтары бұзылып жатыр деп президентке шағымданған ташкенттік имам Фазлиддин Парпиевті сынға алды. Ол имамды рақметі жоқ адам деп атады, ал қалған имамдар мүфтиді қолдады.

Жиналыстағы аудиожазбада бас мүфти Усманхан Алимовтың дауысына ұқсайтын адам "Арамызда екіжүзділер бар. Екіжүзді имам, басыңа бәле тілеп алмай тұрғанда, өзіңе кел. Кеш болмай тұрғанда, бізден бас тарт. Біздің арамызда жүріп, халықты, имамдарды, басқарманы мысқылдайсың. Бұл жақсылыққа апармайды", – дейді.

Ол мұны таяуда президент Шавкат Мирзияевқа арызданған имам Фазлиддин Парпиевке қаратып айтып, қызметінен кетуін талап етеді.

Өткен аптада жұма намаз кезінде Ташкенттегі «Омина» мешітінің найыб-имамы, 32 жастағы Фазлиддин Парпиев құқық қорғау органдарының өкілдерін сынға алып, сақал қойған ер азаматтар мен хиджаб киген әйелдерге қысым көрсетеді деген. Осыған дейін Парпиев президентке видео үндеу жазып, елде діни-сенім бостандықты қамтамасыз етуін сұраған.

Видео әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін, Парпиев Өзбекстанның діни мұсылмандар басқармасы өзіне қысым көрсетіп жатқанын айтқан.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1565
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1452
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1201
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1187